1. Басты
  2. Қара

"Улап жатқандар да сол ауаны жұтады" - Фактчекер желідегі фейктер туралы

Фактчекер-журналист Думан Смақов Bizben Podcast жобасының кезекті қонағы болды. Ол антиваксер, жалған ақпарат тарату туралы әңгіме қозғады,
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фактчекер-журналист Думан Смақов Bizben Podcast жобасының кезекті қонағы болды. Ол антиваксер, жалған ақпарат тарату туралы әңгіме қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Смақов қазақстандықтар арасында кең тараған "тікұшақпен улау" тұжырымына қатысты пікірін білдірді. 

"Улап жатқан адамдар да сол ауаны жұтып жатыр ғой. Біз жүрген жолмен әкім де жүреді. Біз ішкен суды әкім де ішеді. Демек, ол өзін де улады деген сөз. Бұл адамның миына сыймайды. Өкінішке қарай, желі қолданушылары екінші жағын ойламайды. "Бізді улап жатыр, өлтірейін деп жатыр, түнгі 3-те тікұшақпен улап шықты" дейді. Бірақ сол шашқан адам да сол ауданда тұруы мүмкін", - деді Смақов. 

Сонымен қатар, ол желіде тарайтын хабарламалардағы "сарапшыларға" сене бермеуге шақырды.

"Бізде сарапшы дегенді көп айтады. "Сарапшылардың айтуынша, вакцина алсаң екі жылдан кейін өліп қалады екенсің" дейді. Қандай сарапшы ол? Жалған сарапшы шығар", - дейді фактчекер. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!





Join Telegram