09 мамыр 2018 | 16:53

"Келер мамырда мен сізді күтемін, ата!"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орай тұңғыш рет ашық аспан астында белгілі фотограф Мақсат Шағырбаевтың "Ұлы Жеңіс - ұрпаққа аманат" атты фотокөрмесі өтті.

Фотокөрменің ерекшелігі ондағы көркем картиналардың барлығы Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен Тыл еңбеккерлеріне арналған. Фото суреттерде қанды соғыс, қасап майданнан аман жеткен ардагер жауынгерлердің боямасыз бейнесі көрсетілген. Төменде фотографтың 4-5 жылдық фотоархивінен іріктелген суреттерді назарларыңызға ұсынамыз.

<p>Шымкенттегі Абай саябағында ұйымдастырылған фотокөрмеге 50-ге жуық туынды қойылған.</p>

Шымкенттегі Абай саябағында ұйымдастырылған фотокөрмеге 50-ге жуық туынды қойылған.

<p>Cуреттерде қанды соғыс, қасап майданнан аман жеткен ардагер жауынгерлердің боямасыз бейнесі көрсетілген.</p>

Cуреттерде қанды соғыс, қасап майданнан аман жеткен ардагер жауынгерлердің боямасыз бейнесі көрсетілген.

"Мамыр - ерлікке, ұлы жауынгерлік руxқа құрметтің айы. Бұл айда көзі тірі Ұлы Отан соғысы ардагерлері шейіт кеткен қандыбалақ серіктерін қасіретпен еске алады. Сондықтан болар, жыл сайын осы мезгілде қатары сиреп бара жатқан ардагерлерді фотообъективке ілуге тырысамын. Таңнан кешке дейін ардагерлердің әр іс-қимылын бағумен боламын. Тіпті, бір ардагер ақсақалды 9 мамыр сайын үздіксіз суретке түсіріп келе жатқаныма 5 жылдай уақыт болды", - дейді фотограф Мақсат Шағырбаев.

"Қариялар азайып бара жатыр" демекші, ардагерлер де уақыт көшімен ортамыздан алыстап барады. Бірақ, тарих парақтарында өскелең ұрпаққа қалатыны Ұлы Жеңістің аңызы мен қарт майдангерлердің фото суреттері "Фотокөрмені ұйымдастыру осыдан 3 жыл бұрын ойға келген. Сәті енді түсіп отыр. Көрмені тамашалаған жұрттың ықыласы өзгеше. Ардагерлердің ұрпақтары топ ішінен іздеп  келіп алғысын білдіріп маңдайымнан сүйіп жатыр", - дейді фотограф.

<p>Автор: Н.Төкен</p>

Автор: Н.Төкен

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сауд Арабиясына барды
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 523.81   550.47   5.01 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети