Петр Порошенко жұбайымен бірге Астанаға кешкі уақытта ұшып келді. Білуімізше, оның ұшағы Ресей аумағына кірмей, айнала ұшқан. © president.gov.ua
Таңғы уақытта оны Ақорда басшылығы күтіп алды. © president.gov.ua
Оны және оның жұбайы Маринаны. © president.gov.ua
© president.gov.ua
Украинаның бірінші ханымымен Қазақстанның денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова бірге болды. © president.gov.ua
Бір сөзбен айтқанда Украина президенті мен оның жұбайына барлық жағдай жасалды. © president.gov.ua
Петр Порошенконың баспасөз қызметінің мәліметінше, Украина президенті Қазақстанға іссапармен келуге шақырған Назарбаевқа алғыс айтқан. "Біздің елдерімізді сауда-экономикалық, әлеуметтік және өзге де байланыстар байланыстырады. Украиндер Қазақстанда өз үйінде жүретініне қуанамыз", - деді Петр Порошенко. © Тұрар Қазанғапов
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Порошенко Ресейге қатысты сыни ойларын айтқан. © Тұрар Қазанғапов
Украина Президенті сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақ хандығының 550 жылдығымен құттықтап, мемлекеттіліктің нышаны болып саналатын, еліміздің тарихи тамырының тереңдігін көрсететін мерейтойдың маңыздылығын атап өтті. © president.gov.ua
Сонымен қатар, украин президентінің Нұрсұлтан Назарбаевқа "Қазақстанның халықаралық аренада Украинаның территориялық тұтастығы мен егемендігін нақты әрі қатаң түрде қолдайтыны" үшін тағы алғыс айтқаны айтылады. © Тұрар Қазанғапов
Бірақ президенттер саясат жайлығы ғана айтқан жоқ, сонымен қатар экономиканы да тілге тиек етті. Келіссөздерден кейін олар Қазақстан-Украина бизнес-форумына қатысты. © president.gov.ua
Талқыланған мәселелердің көп болғаны соншалықты, президенттер екіжақты кездесудің уақыт лимитін асырды. © president.gov.ua
Украина президенті Астананың осындай келбетін көрді. © president.gov.ua
Екі елдің президенттерінің әңгімелесуге уақыты болды. Көзбе-көз. © president.gov.ua
© Тұрар Қазанғапов