Күлімдеп көктем туғанда...

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Massaget.kz ©Massaget.kz

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети
Жаймашуақ көктемнің алғашқы айының ортасына да аяқ бастық. Көктем күнінің шыққанына, құс үнінің шырқалғанына масайрап, "бүгін қыдыратын күн екен!" деп терезеден қызықтап жүрген боларсыз. Massaget.kz порталы нәзіктік пен тазалықтың, жаңару мен жанданудың эталонына айналған бұл жыл мезгілінің Алматыға қалай келгенін фотосурет тілімен баяндады. Көптен күткен көктем мезгілі – жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін, бар тіршілік атаулының қайта тірілетін шағы. Қалың қарды қақ жарып шыққан мына тіршілік иесі соның айқын дәлелі. ©Massaget.kz

Көптен күткен көктем мезгілі – жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін, бар тіршілік атаулының қайта тірілетін шағы. Қалың қарды қақ жарып шыққан мына тіршілік иесі соның айқын дәлелі. ©Massaget.kz

Астанаға көктем кешігіп келсе, ару Алматыға ерке көктем жылда ерте келеді. Қалың қар да ерте келген көктемнің әсерінен амалсыз жылғаға айналып жатыр екен. ©Massaget.kz

Көктемнің оңтүстік өңірде ерте, солтүстік аймақтарда кеш келетінін ғалымдар әр елдегі географиялық жағдаймен байланыстырады. ©Massaget.kz

Ал үш ай бойы ауыр қардың астында бастырылған тіршілік иелері қысқы тондарын шешіп, көк аспанға көктемді шын сағынғандарын жарыса айтып тұрғандай. ©Massaget.kz

Жер-Ананың мейіріне бөленген, мына жәндіктерге де жан біте бастады... Айналадағы барлық табиғат иесінің бойынан жылулық байқалады. ©Massaget.kz

Себебі, көктемде жәндіктер мен хайуанаттар қысқы ұйқысынан оянып, тіршілігін бастайды. Тіпті, талынан амалсыз үзіліп түскен жансыз жапырақтар да қар құрсауынан босап, көктен жылу күтетін тәрізді. ©Massaget.kz

Ал қысы-жазы өң бермеген шыршалар жердегі жылу күткен жансыз жапырақтарға паңдана, маңғаз қарап тұрғандай. ©Massaget.kz

Тамылжыған бұл тыныштықты, тек құстардың үні ғана бұза алатындай. Көңілге қуаныш сыйлап, көктемнің көркіне айналған жыл құстары да осы жыл мезгілінде оралады. ©Massaget.kz

©Massaget.kz

©Massaget.kz

Қалың қардың астында сары алтындай жапырақтар мен жәндіктер келер көктемге сән берсе, өткен жылдан өкініштей болып қалған қоқыстар оның сұрқын қашырады. Сәйкесінше, тазалық қызметкерлері де құрал-саймандарын алып, өз істеріне кірісті. ©Massaget.kz

Бір қуантарлығы, қыс бойы мұң басқан саябақ орындықтары енді жалғызсырамайтын болды. Құдды таяғына сүйенген қартқа да, сәбиін жетектеген анаға да, қол ұстасқан қос ғашыққа да құшақ жая қарсы алатынын білдіріп тұрғандай. ©Massaget.kz

Қабағы қатулы, аязы ашулы қыстан арылған бақ та меймандарын күту үшін қамданып жатыр екен. Көктемді сағынған қала тұрғындарына қуаныш сыйлауға жалғыз саябақ орындықтарының шамасы жетпейтінін іштей сезетіндей. ©Massaget.kz

Мынау түйе де "арқалар ауыр жүгің болса, әкел бері" дегендей, тәкәппар кейіп танытады. Бұдан кейін "бұл көктем мүсіндерге де жан бітіріп жіберген бе?" деген ойға қаласың. ©Massaget.kz

Осы бақта көктемнің шуақты күнін көптен күткен ана сәбиін серуендетіп жүр екен. Кім біледі, бұл көктем әлгі балақайдың алғашқы көктемі шығар. Қалай десек те, күн нұрына бөленген мезгіл шуағы мен ана махаббатының жылуы әдемі үйлесім тапқан секілді. ©Massaget.kz

Осылай ойға шомып келе жатып, саябақтың әткеншектеріне көзіміз түсті, олар да шаналарын тастаған ойын балаларын қатты сағынып қалыпты. ©Massaget.kz

Шуақты күн адамзат баласына жылуымен қатар қуаныш сыйлап тұрғандай... Оны күнделікті сабағын ойдағыдай өткізіп, үйлеріне тарқасқан ойын балаларының жүздерінен байқадық. ©Massaget.kz

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.38  course up  590.98  course up  6.29  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro