Бұл мұз қалашығының қалай тұрғызылғанын өткен бір фотобаянда айтқан болатынбыз. Желтоқсан айының басында күн жылы болып, қиындықтар туындаған еді. Қазір барлығы қалпына келді.
© Тұрар Қазанғапов
Елорда билігі биыл қаланы безендіру үшін заманауи тенденция мен технологиялардың қолданылғанын мәлімдеді.
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов
Қала жарық иллюминациялық аркамен және тіреуіштермен безендірілді.
© Тұрар Қазанғапов
Жағалау суретке түскісі келетіндерге арналған таптырмас орынға айналды.
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов
Қалада төрт мұз қалашығы салынды: "Хан Шатыр" сауда және ойын-сауық орталығы маңында, әкімдік ғимараты алдындағы қалалық алаңда, Есіл өзенінің жағалауы мен "Студенттер" саябағында.
© Тұрар Қазанғапов
Биыл әкімдік елордаға 40 шырша орнатуға уәде етті. Шенеуніктер шыршалардың барлық ауданда болуына аса мән берді.
© Тұрар Қазанғапов
Жарықтандыру жүйесі жіті ойластырылды: жарық диодты шамдар түрлі түске боялып, мұзға жарық эффектілерін берді.
© Тұрар Қазанғапов
Ересектер де, балалар да төбешіктерден сырғанап жүр.
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов
Қала билігінің мәліметінше, қалада 12 мұз айдыны мен корт ашылған.
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов
Биыл безендіру жұмыстары үшін мерекелік көңіл-күй сыйлайтын ақ түсті жарық диодты тізбек алғаш рет қолданылды.
Ал бұл адамдар күннің жарығында жаңажылдық көңіл-күй сыйлап жүр.
Дегенмен, қала билігі биыл күндізгі уақытта да қалаға сән беретін жарықтандыру болатынын хабарлады. Жаңа технологиялар қаланы тек түнде емес, күндізгі уақытта да сәндейді.
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні қойылған отшашуларды Астана қонақтары тамашалады. Отшашулар қалаға өзгеше дем берді.