Орбұлақ шайқасының ізімен...

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жетісу өңірінде "Орбұлақ шайқасының ізімен" атты ақпараттық квест өтті. "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласындағы "Туған жер" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Алматы облысында өткен шараға Орбұлақ шайқасын зерттеп жүрген бір топ азаматтар қатысты. Атап айтсақ, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Н.Жазылбеков, Орбұлақ шайқасы негізінде жазылған "Воскрешающие легенды" атты романның авторы Т.Ермашев, "Табиғат" эко-бірлестігінің, Қазақстандық караванинг пен кемпингтің төрағасы Б. Шапагатова, "Ауылды көтереміз – Возродим село" қоғамдық бірлестік төрағасы К.Жанабилов, ғалымдар, жазушылар, белгілі журналистер мен республикалық блогерлер топ құрамында болды. 
Ел есімінде мәңгі қалған Орбұлақ шайқасы туралы толыққанды ақпаратты белгілі жазушы, "Алаш" халықаралық премияның лауреаты, "Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иесі Бексұлтан Нұржекеев таныстырды. Қатысушылар Орбұлақ шайқасы болған орындарды, Жетісу өңірінің этнотуризмімен және тамаша табиғатымен танысты. Алматы облысының ішкі саясат басқармасының қолдауымен 2017 жылдың 22 шілдесінде "Қазақ Елінің тәуелсіздігі мен еркіндігі үшін, жоңғар басқыншыларымен шайқаста жеңіске жеткен айбынды қазақ сарбаздарына ұрпақтары атына" атты жазбасы бар арнайы тасбелгі Белжайлауда орнатылды. Ескере кететін бір жайт, тасбелгіге орнатылған QR-код пайдалану арқылы "Орбұлақ" шайқасы туралы жайлы егжей-тегжейлі ақпарат алуға болады.
"Біз 374 жыл бұрын Орбұлақ шайқасы болған жерде тұрмыз. Қазақ батырлары 50 мың әскері бар жоңғарларды бірнеше күн бойы Жалантөс батырдан көмек келгенше шекараға кіргізбей ұстаған. Арнайы жер асты тактикаларын қолдана отырып, жоңғар әскерлерін тұзаққа түсіріп 10 мың әскерін жойған. Осындай ақыл-айламен өткен шайқас үлкен өнер болып табылады. Себебі, небәрі 600 адам 50 мың әскерге төтеп беру мүмкін емес жағдай еді", - деді Б.Нуржекеев.
"Қазақ батырлары өзінің ерлігімен елін, жерін қорғай алатын алып тұлғалар екенің дәлелдеп кетті. Бізде осы жайлы талай мысалдар бар. Соның ішінде "Орбұлақ шайқасы" келешек ұрпаққа мақтан ете алатын шайқас. "Мың рет естігенше, бір рет көр" демекші арнайы шайқас өткен жерге барып өз көзімізбен көріп қайттық. Өз тарихын білу - әрбір азаматтың міндеті", - деді Алматы облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.38  course up  590.98  course up  6.29  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro