Шабуылдар мен өрттен кейінгі Алматы әкімдігінен фоторепортаж

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шабуылдар мен өрттен кейінгі Алматы әкімдігінен фоторепортаж Фото: Әлихан Сариев

ПОДЕЛИТЬСЯ

5 қаңтарда басқыншылар Алматы қаласы әкімдігі ғимаратына шабуыл жасап, соңында басып кірді. Олар ғимарат ішіндегі жиһаздарды талқандап, адамдарды ұрып-соғып, кейін оны өртеп жіберді.

Өрт кем дегенде екі күн бойы сөнбей, ішіндегі бүкіл зат жанып кетті. Республика алаңындағы зәулім ғимараттың қаңқасы ғана қалған.

Ғимараттың ішкі көрінісі қазір мынадай.

Ғимаратқа кіреберіс. Екінші қабатта орталық мәжіліс залы болған. Дәл осы жерге басқыншылар бірінші күні-ақ басып кіріп: "Әкімдік наш!" деп айғайлаған.

Қала жиындары мен салтанатты іс-шаралар өткізілетін үлкен залдың қазіргі көрінісі мынау. Бүкіл ғимаратта электр жарығы болмағандықтан іші қараңғы.

Бұл әкімдік дәліздерінің бірі. Енді қай кеңсе қайда екенін анықтау қиын. Бүкіл ғимарат көрінісі осы.

Әкімдіктің ішкі ауласы. Мұнда жұмысшылар өртенген жиһаздар мен жабдықтар қалдығын тастап жатыр. 

Қазір ғимаратты тазалап жатқан жұмысшыларға күніне 9 мың теңге төленетіні айтылған. Интернетте еріктілерді қабылдау туралы хабарландыруларды көруге болады.

Бұл әкімдіктің басты кіреберісі. Бұл жерде бұрын қарулы полицейлер жұмыс істейтін, оның үстіне турникет болатын, одан өту оңай емес еді. Кіреберісте үнемі арнайы рұқсат қағазы талап етілеін. Қазір ешкім ештеңе сұрап жатқан жоқ.

Ал шенеуніктер мәжілісі мен қала мәслихатының отырыстары өтіп, маңызды шешімдер қабылданатын залдың бірі осы. Әкім Бақытжан Сағынтаев пен оның қарамағындағылар бүлікшілер ғимаратты басып алған күнге дейін осында жедел штаб құрған болуы мүмкін.

Ең жоғарғы 6-қабатта қала әкімінің қабылдау бөлмесі болған. Әкім кеңсесі әлі тазартылмаған Мұнда тек тақтайшалар ғана аман қалғанға ұқсайды.

Міне, әкімнің кеңсесі. Осы жерден Көктөбенің, "Нұрлытаудың" және Сәтбаев көшесінің тамаша көрінісі көрінеді. Сондай-ақ, осы жерден Елбасының резиденциясын көруге болады, ол да тәртіпсіздіктер кезінде қатты зақымданған.

Күйе басқан қабырғалар 5-6 қаңтарда ғимарат ішінде болған сұрапыл өрттің үнсіз куәгері іспетті.

 

Әкімдік ғимараты қорғауға жататын сәулет ескерткіштері қатарына кіреді. Ғимарат тазартылғаннан кейін, темірбетон конструкцияларының тұрақтылығы тексеріледі. Бұл біраз уақытты алады. Содан кейін жобалық смета жасалады. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, ғимаратты толық қалпына келтіру үшін кем дегенде жарты жыл уақыт керек.

Мәтінін жазған: Айнаш Өндіріс. Сурет: Әлихан Сариев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети