11 қазан 2017 | 18:31

Солтүстіктегі депрессия. Ресеймен шекаралас ауылдар қалай өмір сүріп жатыр?

ПОДЕЛИТЬСЯ


Иконка комментария блок соц сети

"Не түсіріп жатсыздар?", - деп сұрады Ресей Федерациясына жақын маңдағы Солтүстік Қазақстан облысы Малют ауданы Чистое ауылындағы бір ер адам. "Шекара маңындағы ауылдардың қалай өмір сүріп жатқаны жайлы фоторепортаж түсіріп жатырмыз", - деп шындықты айттық. "Өте нашар өмір сүріп жатыр", - деп жауап берді жергілікті тұрғын. Мұнда қарапайым сұрақтарға қарапайым жауап қайтарады екен. Былапыт сөздерді де қосып жауап береді екен. Бұл ұрысу емес, өзіндік бір байланыс түрі. Мұнда табиғат өте әдемі - орман, көлдер, бірақ соған қарамастан адамдар бұл жерлерден кетіп жатыр. "Мысалы мына үйшіктерді 150 000 теңгеге сатып алуға болады", - дейді жергілікті тұрғындар көшіп кеткен көршілерінің үйлеріне нұсқап.

Ренат Ташқынбаев пен Тұрар Қазанғаповтың репортажы. 

Бұрындары бұл жерлер керемет болған, қазір оның сондай болғанына сену қиын. "Мұнда біздің мәдениет үйіміз, қонақ үй, екі дүкен, асхана және сауда орталығы болды", - дейді өкіншіпен еске алады жергілікті тұрғындар бос жатқан жерлерге нұсқап. 

Чистое ауылында екі дүкен болған, соңында біреуі ғана қалған. Жоғарыдағы суреттегі дүкеннің жабылғанына біраз болған. 

Мұнда өмір қайнап тұр (егер бұлай айтуға болатын болса). Адамдар дүкенге зат сатып алу үшін емес, көбінесе әңгімелесу, соңғы жаңалықтарды білу үшін келеді екен. Олар тек нан сатып алады.

Алкоголь мүлдем сатпаймыз дейді сатушы. Бірақ бұл жағдай кейбір ауыл тұрғындары үшін ұнамайтын сияқты. 

"Тұрмыстарың қалай?" - деп сұрадық аулада отырған екі ер адамнан.

"Японский бог, блин, мен қазір тұрдым", - деп күлді үлкені. 

"Мұнда ең сорақысы - арақ сатпайды", - деді екіншісі.

"Жоқ, сатады, бірақ таңғы 10.00-ден кейін. Сол ғана қынжылтады, қалғаны керемет, шоколадтай ғой", - деп күлді үлкендеу бір ер адам. 

Ерлер фермада жұмыс істейді. Бұл маусымдық жұмыс, олар оны орындады, енді не істерін білмейді. Сол себепті де аулада отырады (олар өздерін суретке түсірмеуін сұрады, олардың айтуынша барлығы таниды)

Бірақ барлығы біреудің қолында жалданып жұмыс істемейді. Өз өзіне қожайындар да бар, олар кішігірім кәсіппен айналысады. 

Александр Бирюков Чистое ауылында өмір бойы тұрып келеді. Кезінде тракторлы бригадада жұмыс істеген. Қазірде кішігірім қожалығы бар. Оның айтуынша оларды асырау қымбатқа соғады. 

"Өмір қиындап барады. Адамдар кетіп жатыр, кетіп жатыр. Жастар түгелдей кетіп қалды, балалары үшін ата-аналары да кетіп жатыр. Менің жиен інім осы ауылда тұрды, кейін Белое (көрші ауыл, жергілікті тұрғындардың айтуынша онда жағдай салыстырмалы түрде жақсы), ал екінші інім Жаңа жылда Ресейге кетуі керек. Оның екі баласы биыл мектепке баруы тиіс. Балалары үшін кетіп жатыр, әйтпесе бұл жерден көшіп несі бар. Ешқандай перспектива жоқ", - дейді ер адам. 

"Бұрын 350 үй болатын, қазір ұалғаны 50-60", - дейді ол. 

Ауылдағы үш қабатты жалғыз ғимрат - бастауыш мектеп. Ол осыдан алты жыл бұрын жабылған екен. Оқытатын ешкім жоқ. Бар болғаны бірнеше бала қалды. Оларды көрші ауылдағы интернатқа жіберуді жөн көрген. 

Ғимараттың түрінің өзі қорқынышты. 

Аумағын шөп басқан. Жақын маңда өмір жоқ секілді. 

Аулада мектептің сынған үстелдері шашылып жатыр. 

Екінші есігі ашық болды. Ғимараттың іші суық және құстар ұшып жүр. 

Алайда мектепте біреу қалған екен. 

"Бұл біздің тұмарымыз"ол бізді қорғайды", - дейді жергілікті тұрғын Валентина Острецова сүйенішке жабыстырылған пластелиннен істелген мүсінге нұсқап. 

Валентина Васильевна - кітапханашы.

"Бұрындары дәптерге жазатынмын есепті, қазір папка толтырамыз. Әр ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылдықта ауданға апарып өткіземіз. Міне 2018 жылға жоспар толтырып қойдым. Бізде солай", - дейді әйел. Кітапханашы болып қызмет етіп келе жатқанына 20 жылдан асыпты. 

"Біздің көрмеде барлығы бар: Мамлют ауданына 85 жыл, біз соғыссыз әлемді қолдаймыз, манифест, 100 нақты қадам, ЭКСПО көрмесі, біз оны жыл соңына дейін қоямыз", - дейді Валентина Васильева. 

Облыстан келетін кітаптардың арасында барлық жанр бар. 

Чистое ауылында махаббат туралы кітаптар көбірек оқылады екен. 

"Любовь-морковь, - дейді кітапханашы. - Көріп тұрсыз ба, мұның барлығы махаббат туралы, әйелдер теледидар көргісі келмейді, олар кітап оқығанды жөн көреді". 

Валентина Васильеваның уақыты болған кезде олда кітап оқығанды жақсы көреді екен. "Кейде мына кітапты ашамын (Ирина Хакамаданың кітабы) да оқимын. Олардың жоғарғы ортадағы өмірі жайлы. Біз әртістерді, танымал тұлғаларды жақсы өмір сүреді деп қана ойлаймыз", - дейді әйел адам. 

"Ауылдағы өмір қалай?" - деп сұрадық. "Жақсы, - деп жауап берді кітапханашы. Ол өз жауабын түсіндіруге кірісті. - Мені әзілдеп тұр деп ойлайтын шығарсыздар? Мен Астанада ЭКСПО көрмесінде болдым. Біз ауылда еркін сөйлесеміз, дүкенге барамыз сөйлесеміз, көшеде жүрсек те сөйлесеміз. Сіздер олай істемейсіздер ғой, кей кездері бір жерден кездескенде ғана сөйлесесіздер, ал біз барлығын танимыз". 

"Біздің ауылдан кетіп жатқандар бар. Біреу бізге "крест" қойды, ал кезінде қандай ауыл болды десеңізші", - дейді Валентина Васильевна.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, олардың ауыл Ресеймен жақын орналасуы қатты бір өзгерістер алып келмеген. Шекарашыларды жиі көреді және ауыл ішінде құжатпен жүрген дұрыс, себебі құжаттарды тексеретін жағдайлар болады екен. 

Шекара постында ауыл тұрғындарынан аз ғана адам жұмыс істейді екен. 

"Мұнда тек шалдар қалды", - дейді басқа бір сұхбаттасушы. - Барлығы кетіп жатыр, кетіп жатыр. Қазіргі уақытта 20-дан аса үй бос қаңырап тұр". Кірпіштен және бөренеден салынған үлкен үйдер шамамен 600-800 мың тұрады, бірақ 150 мыңға да үй табуға болатынын айтады. 

"Өзің қара - мына бұрылыста бір адамнан басқа ешкім тұрмайды. Өзің ойлап көрші, қашықтығы 1 шақырым, сол жақ бетінде бір ғана адам тұрады", - дейді жергілікті тұрғындар. 

"Бір сөзбен айтқандағ ауыл өлді", - дейді тұрғындар. 

Чистое деп аталатын көлдің жанында зейнеткер Ревязиндер тұрады. 

Соңғы екі жылда олардың үйін су басты. 

Николай Григорьевич қожалықта жалғыз, оның жары Валентина Филипповна жарақатына байланысты өмірінің көп бөлігін төсекте өткізеді. 

"Көбісі кетіп жатыр, жұмыс жоқ. Бос қаңырап қалған үйлер көп. Ұлымда осында тұрады. Жұмыссыз, қожалығы бар. Болмашы іс. Жастар атауымен жоқ мұнда", - дейді зейнеткер. 

"Бір кездері олар (жергілікті билік) оңтүстік Қазақстаннан адамдар алып келмекші болды. Олар келді, бірақ оларға шақырмастан бұрын үй салып беруі керек еді ғой", - дейді ер адам. Ары қарай оның көршісі жалғастырды: "Оларды алып келді, барлығы әкіммен бірге көріп шығып, Ленино (Мамлют ауданындағы тағы бір ауыл) ауылына кетті, мұнда тұрғысы келмеді. 

Ревязиндердің ауласын су басқаны жайлы Ғаламтордан табуға болады. Солтүстік Қазақстанда болған су тасқыны жайлы теледидарлардан хабарланды. "Тек үйдің еденіне су жетпеді, қалған жердің барлығын су басты", - дейді ер адам. 

Кейбір адамдар су басқан үйлерінен көшіп кетті. Николай Григорьевич жарымен өз үйінде қалды. 

Валентина Филипповна жеті жыл бұрын құлап, содан жүре алмай қалған. Күйеуінің айтуынша, оған басында дұрыс диагноз қоймаған, кейін қаладағы ауруханада оның аяғы шығып кеткенін және ота жасалуы керек болған. Бірақ ол үшін не Астанаға не Қорғанға баруы керек болған. "Онда көп ақша керек болды, соңында солай қалып қойды", - дедйі ол. 

Зейнеткерлер өмір бойы Чистое ауылында жұмыс істеген. Ешқашан тірлік істемей отырмайтынбыз дейді. Қазіргі ауылдың қалпы қынжылтады дейді. "Біреулердің немен айналысып жүрген кім білсін? Алқаштар! Біреудің темірін ұрлап, сатып күн көреді...", - дейді Николай Григорьевич.

Жастар жақсы өмірді іздеп, шекара асып, Ресейге кетіп жатыр. "Менің қызым Ресейде, немеремде құжаттарын дұрыстап сонда кетпекші, жұмыс жоқ, ештеңе жоқ, барлығы көшіп жатыр", - дейді ер адам. 

Валентина Филипповна сауыншы болып көп жылдар бойы қызмет атқарған. Кейін жергілікті қонақ үйде комендант болып қызмет етті, бірақ ол ғимараттың қазір ауылда бір кірпіші де жоқ. 

"Ауылда жарық мәселесі қиын болып тұр, үшінші күн болды жарық жоқ, 10-нан бастап 5-ке дейін жарық болмайды", - дейді әжей. 

Чистое ауылының маңында Сливное ауылы бар, ол Ресей Федерациясына жақын. 

Мұнда адамдар аз тұрады. 

Ауылда бастауыш мектеп бар, бірақ оған сұраныс жоқ. 

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, кезекті сайлау болған кезде оның ішіне жан бітеді екен. 

Ресейдің ауылдары мына көл мен орманның арғы жағында. 

Пограничный пост поблизости.

"Жарық болғанда, шәйға шақырар едім", - дейді кітапханашы Валентина Васильевна Острецова.

Бос тұрған мектепте ол кішігірім музей жасаған. 

Басында өзім ескі заттарды жинадым, кейінірек ауылдастарым да осы іске ат салысты. 

"Жақында әжеміз қайтыс болды, оның жасы 90-ға таяп қалған еді, ол мына құлыпты әкеліп берді, ол анасынан қалған екен, әлі күнге дейін істеп тұр", - деді әйел. 

"Біздің ауыл суретші болатын, соғыс ардагері. Қиын қыстау кезеңдер болатын, барлығы тұрды, жарық жоқ, ештеңе жоқ болатын. Ол сурет салатын, адамдар сол үшін оған тамақ беретін. Менің үйімде оның 3-4 картинасы бар", - дейді кітапханашы. 

Міне осындай бәліштер. Барлығының көліктері, мотоцикл, тракторлары бар. Кім еңбектенсе - сол жер жыртып, қожалық қстайды. 

Бұл ғимаратта жылу болмауына Острецова үйреніп қалған. 

"Ештеңе етпейді, сол себепті де бұзылмаймыз", - деп әзілдейді әйел адам. 

"Осылай барлығы басталды, көпшілігі Челябинск қаласына көшіп кетті, кейбіреулер жатақханаға тұруға кетті. Бірақ ешкім қайтып келмеді. Біз ғана шығар осындай есі ауысқан", - дейді Валентина Острецова. Кейінірек неге екені белгісіз былай деп сұрады: "Сіздер қалай ойлайсыздар?".

Ресми мәлімет бойынша, (2016 жылы 1 шілдеде) Чистое ауылында - 69 үй, ал адам саны - 168. Сливное ауылында 13 үй, 3 8- адам. 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сауд Арабиясына барды
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 523.81   550.47   5.01 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети