Киіз үйге барлығы бірдей сыймағандықтан, Ұлытаудың желбіреген туының астына қосымша шатырлар тігуге тура келді. Студенттер республиканың түкпір-түкпірінен жиналған. Олар AlMU, ҚазҰУ, ҚазҰТУ, ҚарМУ, ҚарМТУ, ЖезМУ және Назарбаев университетінде оқитындар. Барлығы шамамен - 80 студент. © Шоқан Алқабаев
Бірінші күні фестивальдің қатысушылары өз университеттерін таныстыруды жөн санады, сонымен қатар, бір-бірлерімен жақын танысуды ұйғарды. Жиналған жастардың барлығы талантты әрі белсенді. © Шоқан Алқабаев
TengrinewsTV операторының объективіне қызықты кадрлар түсіп қалды: фестивальға қатысушылар қазақтың ұлттық салт-дәстүрін бар қырынан көрсете білді. Жастар оны тап сол жерде - Ұлытауда жаңғыртуды жөн санапты. Себебі кейбір аңыздар бойынша, биыл 550 жылдығы тойланып жатқан Қазақ хандығы тап сол аймақта пайда болған. © Шоқан Алқабаев
Осылайша, ашық аспан астындағы қойылымдар қыз ұзатумен басталып, бесік тоймен аяқталды. Шараны ұйымдастырғандардың айтуынша, олар бұл жоралғылар арқылы қазақ отбасында адамның өмірге қалай келетінін көрсетпекші болған. © Шоқан Алқабаев
Шараның екінші күнінде қатысушылар қазақ халқының тарихи, аңызға айналған орындарын аралады. Ұлытаудың бөктеріне екі бірдей тарихи тұлға жерленген. Олар - Шыңғысханның ұлы Жошы хан мен аңыз бойынша Қызыл Арыстан ханның ұрпағы болған Алаша хан. © Шоқан Алқабаев
Таяуда ғалымдар Алаша ханның кесенесі Қазақ хандығы пайда болғаннан кейін бірінші болып тұрғызылған ғимарат деген тұжырымға келді. © Шоқан Алқабаев
Бірнеше естелік сурет түсірген "Хан Қорық" қатысушылары одан әрі бағыт бойынша жол тартты. Студенттер барған келесі нысан Еуразияның ұлы билеушілерінің бірі Жошы ханның мазары болды. Тарихи ескерткіш жақында ғана қалыпқа келтірілген және біз оны ХІІІ жүзжылдықтағы көшпенділер - Алтын Орда негізін қалаушының замандастары көрген кейіпте тамашаладық. © Шоқан Алқабаев
Күйдірілген қызыл кірпіш, шаруашылық құрылысының іргетастары көшпенді жұрттың бұл аймаққа жиі барған сәттерінің куәсі болған. © Шоқан Алқабаев
Үшінші күні студенттер таңғы астан кейін Әулие тауға аттанды. Оның Ұлытау тау тізбегіндегі ең биік шың екені белгілі. © Шоқан Алқабаев
Сапар азды-көпті бес шақырымға дейін жалғасты. Ең жылдамдарына “Жұлдыз FM” радиостанциясының сыйлықтары табыс етілді. © Шоқан Алқабаев
Соқпақ ортасында - шыңға қарайғы тау бөктерінен - саяхатшылар алдынан тау шатқалының көрінісі есігін айқара ашты. © Шоқан Алқабаев
Күннің екінші жартысы көне көшпенділер рухымен өткендіктен, әсерлі әрі бейнелі болды. Фестиваль қонақтарына бүркітті бағып күту бойынша шеберлік сабақтары ұсынылды. © Шоқан Алқабаев
Жергілікті аңшылардың айтуынша, суық әрі аштық болған кездерде жыртқыш құс бүтін бір ауылды асырай алған. © Шоқан Алқабаев
Осыдан кейін жастар киіз үй құрып үйренді. © Шоқан Алқабаев
Басында студенттер бөлшектерді шатастырып, нәтиже ойдағыдай болмай жатты. © Шоқан Алқабаев
Алайда жергілікті шеберлер көмекке келіп, іс оңға басты. © Шоқан Алқабаев
© Шоқан Алқабаев
Шаңырақты сол жердегілердің барлығы күш салып, бірге көтерді. Осылайша үшінші күн достастық және берекелі әсермен аяқталды. © Шоқан Алқабаев
Осыдан кейін жастар ұлттық бидің ырғағына қосылды. © Шоқан Алқабаев
Жастар қаптың ішіне түсіп жүгіру түріндегі спорттық-ұлттық ойындарға да қатысты. Шараны ұйымдастырушылардың ойынша, бабалар жерінде жастардың осындай фестивалін өткізу патриотизмді нығайтады. © Шоқан Алқабаев
Түстен кейін студенттер "Хан Ордасына" аттанды. Бұл жердің қазақ халқы үшін маңызы зор. Себебі дәл сол жерде қазақтың 36 ханы сайланған, олардың арасында Кенесары бар. © Шоқан Алқабаев
Дәстүр бойынша сайланған билеушіні ақ киізге отырғызып көтерген. Бұл рәсімнің түп тамыры Еуразиядағы тұңғыш көшпенділер - ғұндар заманына дейін жалғасып жатыр. © Шоқан Алқабаев
Қазіргі заманғы кейіптегі "Хан Ордасының" ауқымы 50-де 50 метр. Биік дуалдармен қоршалған бұл аймақтың ішіне жақында жалғыз аяқжол төселген, сонымен қатар, декоративті хан тағы орнатылған. © Шоқан Алқабаев
Фестиваль қатысушылары барған келесі орын "Алтын шоқы" болды. Ол Әмір Темір қалдырған құлпытастың арқасында әлемге танылған. © Шоқан Алқабаев
Аңыз бойынша, ұлы билеуші Ұлытаудан Алтын Орда ханы Тоқтамысқа қарсы жорыққа шыққан. Шайқас алдында Темір 200 мың әскеріне бір-бірден тас жинауды бұйырады. Ол тастардан домен пеші жасалып, метеорит металдан Әмірге қылыш дайындалды. © Шоқан Алқабаев
Тасқа қашалып жазылған жазбалар шайқастың шын мәнінде болғанын көрсетеді. Ол жерде Темірдің жазбасы бар тас тақта ілулі тұр, онда: "Мен осы жерден Тоқтамыс ханға қарсы жорыққа шығамын", - делінген. © Шоқан Алқабаев
Көрікті жерлерді аралап болғаннан кейін жастар лагерьге оралды. Олар шатырларды жинап, қайтуға дайындалды. Ұлытау бізді қимай тұрғандай көрінді, ол ғажап бейнесімен және күннің әдемі батуымен бізді еліктіруін тоқтатпады. Бұл фоторепортаждың соңғы аккордтарын біз бұл жердің бүлінбеген, таңғажайып табиғатына арнадық.
Ұлытау - қазақ халқының тарихи орталығы. Бұл орын қазақ даласындағы саяси және әскери биліктің түйіні болған. Индустриалды заман туғанға дейін елдің географиялық орталығы арқылы ғана тиімді билік жүргізу мүмкін болған. © Шоқан Алқабаев