"10 миллион қалыңмал береді". Желіде немересі пранк жасаған әжейдің видеосы жұртты сүйсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"10 миллион қалыңмал береді". Желіде немересі пранк жасаған әжейдің видеосы жұртты сүйсіндірді Видеодан алынған кадр

Желіде араб жігіті 10 миллион қалыңмал береді деген немересінің сөзіне күйіп, оны қазақ жігітіне күйеуге шығуға көндіріп отырған әжейдің видеосы жұртты сүйсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде араб жігіті 10 миллион қалыңмал береді деген немересінің сөзіне күйіп, оны қазақ жігітіне күйеуге шығуға көндіріп отырған әжейдің видеосы жұртты сүйсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрларда бойжеткен әжесіне пранк жасап, арабтар 10 миллион қалыңмал беретінін айтады.  

Оған кейуана жерді қолымен ұрғылап тұрып "қалың малы құрсын, қазақтың мынадай (мықты - автор.) жігітіне баруға болады" дейді.  

"Ол 10 миллион береді ғой" десе де "Миллионы құрсын, өзіңді ойлашы. Көк тиын бәрі болады. Зейнетақымды беремін. Ертең 100 мың болады. Жан-жақтан көмектесе береміз ғой" дейді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ең үздік парақша. 📋 (@qazaq_omiri)

Әжейдің бұл сөзі Желі қолданушыларын сүйсіндірді. 

"Жаным әжем, осындай әжелер жасай берсін", "Шырылдап түсіндіріп жатқан жүрегінен айналайын, әже. Қарты бар үй қазыналы деп бекер айтпаған", "Апамызға ақша емес қазақтың қаны мен абыройы керек болып тұр ғой", "Апасымен ойнап отыр ғой! Жаман нәрсе істеп отырған жоқ, ойнай алатын немере - ол, екеуіне тамсана, қызыға қарап отырмын!" дейді Желі қолданушылары пікірлерде.

"Сол үшін зейнетақыны көтеру керек" дегендер де бар. 

Кейуананың денсаулығына уайымдап, немересінің пранк жасағанын сынағандар да кездесті. 

Айта кетейік, бұған дейін араб еліне келін атанған қазақ қызының видеосы қызу талқыланған болатын. Қалыңмалы 10 миллион теңгеге бағаланған қалыңдық Tengrinews.kz тілшісіне сұхбат берген еді

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети