Apple жаңа iPhone смартфондарын көрсетті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Apple компаниясының өкілдері жаңа iPhone смартфондарын таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Apple компаниясының өкілдері жаңа iPhone смартфондарын таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл жолы 5,8-дюймді дисплейі бар iPhone XS ("тэн эс") пен 6,5 дюймді дисплейі бар iPhone XS Max таныстырылды.

Жаңа модельдер алтын, күміс және сұр түстерде шығарылған. Компаниядағылардың айтуынша, жаңа смартфондар осыған дейінгілерге қарағанда 50 пайызға жылдамырақ (секундына 5 триллион операция жүргізіледі) жұмыс істейді.

iPhone XS пен XS Max смартфондары үш нұсқада болады: сыйымдылығы - 64, 256 және 512 гигабайт.

Apple өкілдерінің айтуынша, жаңа смартфондар Қазақстанда 28 қыркүйектен бастап сатылымға шығады.

Сондай-ақ, жаңа модельдерде видео жазу үшін төрт микрофонның болатыны айтылады.

Компания өкілдерінің айтуынша, iPhone XS пен XS Max аккумуляторлары ұзағырақ уақыт жұмыс істейді.

РИА Новости мәліметінше, iPhone XS смартфондары 999 доллардан басталса, iPhone XS Max 1099 доллардан басталады.

Бұдан бөлек компаниядағылар  Apple Watch Series смарт-сағаттарын таныстырды. Олардың айтуынша, сағаттардың көлемі екі түрлі болады - 40 миллиметр және 44 миллиметр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro