Қытайдың Lenovo компаниясы S90 Sisley деп аталатын жаңа смартфонды таныстырды, - деп хабарлайды "Газета.Ру". Жаңа аппараттың iPhone 6 смартфонына ұқсайтыны көптеген сарапшыны таңғалдырды.
Қытайдың Lenovo компаниясы S90 Sisley деп аталатын жаңа смартфонды таныстырды, - деп хабарлайды "Газета.Ру". Жаңа аппараттың iPhone 6 смартфонына ұқсайтыны көптеген сарапшыны таңғалдырды.
"Lenovo S90 Sisley смартфонының металдан жасалған дөңгелек корпусы бар, ал түрлі түсті сызығы iPhone 6 смартфонына ұқсайды және корпусының жуандығы 6,9 миллиметр", - дейді сарапшылар. Жаңа аппаратқа 5 дюймді HD дисплей орнатылған, 16 гигабайтты кіріктірме жадысы, Dual-SIM, NFC модулі және төрт ядролық процессоры бар. Lenovo-ның жаңа смартфоны Қытайда 325 долларға сатылады. S90 Sisley - Android 4.4.4 KitKat операциялық жүйесінде жұмыс істейді.
Айта кетейік, Lenovo - әлем бойынша компьютерлер, смартфондар мен планшеттер өндіретін төртінші ірі компания. Осыған дейін Lenovo компаниясы Google-ден Motorola Mobility смартфондарын өндіретін бөлімшелерін сатып алатыны хабарланған еді. Осы жылдың қаңтар айында қытайлық компания келісім жабылғанда Google компаниясына 1,41 миллиард доллар төлейтіні хабарланды, оның ішінде 660 миллионы қолма-қол ақша да, 750 миллионы - Lenovo акциялары. Қалған 1,5 миллиард долларды Lenovo үш жыл көлемінде төлеп береді. Motorola патенттерінің көпшілігі Google компаниясында қалады.