Nokia телефон нарығына қайта оралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Nokia телефон нарығына қайта оралды © SlashGear

Финляндиялық Nokia компаниясы нарыққа қайта оралып, жаңа смартфонын таныстырды, - деп хабарлайы "Вести.Ru". Финляндиялық маркаға эксклюзив құқығы бар HMD Global компаниясы Қытайда Android 7.0 Nougat негізіндегі Nokia 6 самртфонының таныстырлымын өткізді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Финляндиялық Nokia компаниясы нарыққа қайта оралып, жаңа смартфонын таныстырды, - деп хабарлайы "Вести.Ru". Финляндиялық маркаға эксклюзив құқығы бар HMD Global компаниясы Қытайда Android 7.0 Nougat негізіндегі Nokia 6 самртфонының таныстырлымын өткізді. 

Жаңа смартфон Samsung Galaxy Note 7 стиліндегі дизайнмен және сырты бүтін етіп металдан жасалған. Телефонның 5,5 дюйм IPS-экраны Full HD графикалы және Corning Gorilla Glass 3 қорғаныс әйнегі бар.  

Телефонның жады 64 гигабайт, дегенмен Qualcomm Snapdragon 430 процессоры салыстырмалы түрде баяу жұмыс істейді. 

Жаңа Nokia-ға екі SIM-карта салынады, Bluetooth 4.1, Wi-Fi 802.11 b/g/n. Бүйіріндегі камерасының сапасы 8 мегапиксель, 85 градусқа дейін көрініс береді. 

Сонымен бірге, Nokia 6 "Үй" пернесінде орналасқан саусақ таңбасының сканерімен, NXP TFA9891 аудиодабылмен, екі динамикпен, Dolby Atmos технологиясы, Micro-USB портымен, акселерометр, электронды компас, гироскоп, жарық пен қашықтық тетіктерімен жабдықталған.

Жаңа телефон Қытай нарығына 2017 жалдың алғашқы жартысында шығады. Nokia 6 құны 245 доллар болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети