Samsung Galaxy S8 үшін iPhone 8 бағасы "түсіп" кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Samsung Galaxy S8 үшін iPhone 8 бағасы "түсіп" кетті © macdigger.ru

Таяуда Samsung жаңа Galaxy S8 бен Galaxy S8+ смартфондары таныстырылғаннан кейін, соңғы мәліметтер бойынша, Купертино iPhone 8 телефондарын арзандатып сатпақшы екен, - деп хабарлайды "Вести Hi-Tech"  MacRumors басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таяуда Samsung жаңа Galaxy S8 бен Galaxy S8+ смартфондары таныстырылғаннан кейін, соңғы мәліметтер бойынша, Купертино iPhone 8 телефондарын арзандатып сатпақшы екен, - деп хабарлайды "Вести Hi-Tech"  MacRumors басылымына сілтеме жасап.

Apple 2017 жылы шығатын iPhone 8 ұялы телефондары үшін Samsung Display компаниясының 60 миллион дана OLED-панельдеріне тапсырыс берген. Әрбір матрица Apple компаниясы үшін 71 доллар төлейді, ал келісімшарттың құны - бес триллион ($4,3 миллиард) корей воны. Өткен жылы корейлік және америкалық компаниялар жаңа iPhone үшін 100 миллион OLED-панельдерін орнатуды келіскен. Жыл сайын Apple 200 миллион смартфон сататынын ескерсек, Samsung Display iPhone 8 ұялы телефондарын 80 пайыз экранмен қамтитын болады. Осы себептерден де iPhone 8 телефондары арзан болмақшы. 

iPhone 8 смартфонының сыртқы келбеті кәдімгі iPhone телефондарына ұқсас болады. Мұндай мәліметті ET News корей порталына инсайдер хабарлаған. Белгісіз дереккөздің мәліметінше, бұрынғы модельдерге қарағанда жаңа смартфонның арты және бүйірі дөңес болып келеді. Осылайша компаниядағылар осыдан он жыл бұрын шыққан ең бірінші моделінің дизайнын қайтармақшы. 

Ал жаңа Galaxy S8 бен Galaxy S8+ смартфондардың ерекшелігі - олардың дисплейінің жақтауы жоқ. S8 телефонының экранының диагоналі 5,8 дюйм болса, S8 Plus смартфонының диагоналі - 6,2 дюйм. Сондай-ақ, екеуінің экранының шеттері иілген болып келеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети