Америка штаттарының бірінде 2015 жылдан бастап жүргізушілер полиция қызметкерлеріне пластикалық жүргізуші куәліктерін көрсетпеуіне де болады. Оның орнына жүргізушілер смартфондағы қосымшаны пайдаланады, - деп хабарлайды CNews.
Америка штаттарының бірінде 2015 жылдан бастап жүргізушілер полиция қызметкерлеріне пластикалық жүргізуші куәліктерін көрсетпеуіне де болады. Оның орнына жүргізушілер смартфондағы қосымшаны пайдаланады, - деп хабарлайды CNews.
2015 жылы Айова штаты АҚШ-та бірінші болып пластикалық жүргізуші куәліктерін смартфондағы қосымша арқылы алмастыратын болады, - деп хабарлады Айова траспорт департаментінің директоры Пол Тромбино (Paul Trombino). The Des Moines Register басылымының хабарлауынша, ол мұны ведомствоның бюджетін талқылау барысында айтқан. Бұл шараға Айова штатының губернаторы Терри Бранстед те (Terry Branstad) қатысқан.
Мұндай қосымшаларды ойлап шығару үшін бастапқыда штат бюджетінен 20 мың доллар бөлінеді. Жүргізушілер бұл қосымшаны тегін жүктей алады.
"Жүргізушілердің куәлігі олардың телефондарында болатынын елестетіп көріңіздерші. Біз мұндай қарқынмен бұл қосымшаны АҚШ-та бірінші болып ойлап шығарамыз", - дейді Тромбино.
Жүргізушілер пластикалық карточкаларын әмиянында немесе сөмкесінде алып жүре алады, бірақ, оның қазіргiдей пайдасы болмай қалады. Жүргізушілер полиция қызметкерлеріне электронды құжаттарын көрсетеді, одан бөлек, электронды құжаттарды жүргізушілер тексеру бекеттерінде және әуежайларда пайдалана алады.
Жаңа қосымшаның қорғанысы да күшті болады. Оны пайдалану үшін тұтынушы арнайы цифрлі кодты енгізу керек деді Тромбино. "Бұл электронды құжаттар әдеттегі жүргізуші куәліктеріне қарағанда берік болады", - дейді ол.
Транспорт департаментінің басшысы өзге де ведомстволар олардың бұл тәжірибесін алып өздерінің жеке цифрлы құжаттарын шығарады деп үміттенеді.
Қазіргі уақытта Американың 30-дан астам штатында жүргізушілерге полиция қызметкерлеріне сақтандыру құжаттарының қағаз нұсқасының орнына смартфондарға көшірмелерін көрсетуге рұқсат етілген. Бұл штаттардың ішінде Айова да бар.