Алдар көсе компьютерлік ойынның басты кейіпкеріне айналды, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.
Алдар көсе компьютерлік ойынның басты кейіпкеріне айналды, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.
Ойынның негізгі ережесі - түрлі кедергілерді бағындырып отыру. Жалпы ол бес кезеңнен тұрады. Ойыншының мақсаты - Алдар көсені жолда кездескен қиындықтардан алып шығып, ханға жеткізу. Соңғы меже ханшайымға үйлену, ол - ойыншының жеңісін білдіреді. Қазір мамандар оны тағы да жетілдірумен айналысып жатыр. Жоба авторларының айтуынша, ойынның кем-кетігі толықтырылған соң, онлайн режимде қолжетімді болады.
"Негізі бұл жерде уақытқа шектеу жоқ. Барлығы өзіңізге байланысты, тез қозғалып, тез өтуге болады. Бір ойынды өтсеңіз, келесі кезеңге ауысасыз. Олар айналып, өзгеріп отырады. Қолданушыны жалықтырмау мақсатында өзгеріп отыруға тырыстық. Бұл жерде мынадай принцип бар - ойынның ішінде әрбір кейіпкерге барғанда тағы бір ішкі ойын ашылады", - деді жоба авторы Ұлан Асанов.