06 қараша 2015 | 16:44

Алматылық студент смартфонға арналған асық ату ойынын жасап шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Youtube желісінен алынған скриншот Youtube желісінен алынған скриншот

Алматылық студент "асық ату" ұлттық ойыны негізінде смартфонға арналған қосымша жасап шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Алматылық студент "асық ату" ұлттық ойыны негізінде смартфонға арналған қосымша жасап шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Автордың айтуынша, бұл қосымша әлеуметтік сипатқа ие. "Мен бұл жұмысты биыл мамыр айында қолға алдым, ұлттық бір дүние жасап шығарғым келді. Өскелең ұрпақтың дәстүрімізді ұмытпағанын қалаймын. Ойынды жасап шығарумен бос уақытымда айналыстым, көбіне түнгілікте", - деді Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің магистранты Еркебұлан Қазыкенов.

Ойынды жасап шығу жұмыстарымен екі ай айналысқан студент өзге де жобаларды қолға алды. "Жазда бос уақытым болған жоқ. Ал ойынды жасап шықтым, ұсақ-түйек жұмыстары қалды. Қазан айында бұл жобаны қолға қайта алып, оны Play Market-ке жүктедім. 1 қарашадан бастап ол Android қолданушылары үшін қолжетімді болды, енді бір аптадан кейін ол App Store-да пайда болады", - деді Қазыкенов.


Еркебұлан Қазыкенов

Ойынды бір мезгілде төрт ойыншы ойнай алады. Алайда ол үшін ойыншылардың барлығы Wi-Fi желісінде болулары тиіс. Әр ойыншы асығының санына шектеу болмайды, олар бірден үшке дейін асықтарын бір сызықтың бойына тізеді. "Осыдан кейін иіру арқылы бірінші болып кімнің ататыны анықталады. Кімнің асығы бірінші болып алшыға түссе, сол бірінші атады. Ойыншы ұпай алу үшін белгіленген қашықтықтан атуы тиіс. Асықты қаншалықты қатты ұру керегін shoot батырмасын ұзақ басу арқылы таңдауға болады. Ойын алаңда асық қалмағанша жалғасады", - деді Қазыкенов.

Оның айтуынша, асық ату ойыны ақша табуға арналмаған. "Бұл қосымша арқылы ақша табу үшін оны жетілдіре түсу қажет. Оған менің уақытым жетпейді, ал біздің елдегі инвесторлар ұялы телефондарға арналған қосымшыларға аса бір қатты қызығушылық танытпайды. Қазіргі таңда адамдар бұл ойынды Wi-Fi арқылы ғана емес, Интернет арқылы да ойнай алуы үшін сервер мен техникалық қолдау қажет", - деді ол.

Айта кетейік, бұл Еркебұлан жасап шығарған алғашқы ойын емес. Соңғы төрт жылда студент ұялы телефондарға арналған шамамен он қосымшаны жасап шығарды, олардың төртеуі - ойын. Ең соңғысы Snamber деп аталады, ол ағылшын тіліндегі snake және number сөздерінен шыққан, онда жылан сандармен жүріп отырып, логикалық пазлды шешіп, адымын санайды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети