02 ақпан 2014 | 13:40

Америкалық қыздың қалтасында iPhone 5С жанып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

reviews.cnet.com сайтынан reviews.cnet.com сайтынан

Америкалық 14 жасар қыздың қалтасында iPhone 5С смартфоны жанып, қызды күйік шалған. Оқыс жағдай Мэн штатындағы Кеннебанк қаласындағы орта мектептердің бірінде орын алған деп хабарлайды Tengrinews.kz. |Оқушы қыз шалбарының артқы қалтасына телефоны салулы күйінде орындыққа отыра бергенінде алдымен шытынаған дыбыс естіліп, бірден түтін шыға бастаған. Сасқалақтаған қыз еденге сырғанап отты өшіруге тырысқан. Сол кезде смартфон қыздың қалтасынан түсіп қалады. Сыныптас қыздары қыздың киімін шешуге көмектесіп, оны ауруханаға жеткізеді. Оған ауруханада екінші деңгейлі күйік шалу диагнозын қойды. Қазіргі кезде жергілікті билік осы жағдайды тексеруде. Кеннебанк қаласының өрт сөндіру қызметкерлері деформация мен телефонның сыртқы корпусына тиген механикалық залалдың нәтижесінде iPhone 5С аккумуляторында қысқа тұйықталу орын алды деп болжап отыр. Apple компаниясы бұл жағдайға қатысты әлі жақ ашпай отыр. Естеріңізге сала кетейік, iPhone иесі өз смартфонының құрбаны болу жағдайы бірінші рет емес. 2013 жылдың шілде айында Қытайда өз iPhone-на түскен қоңырауға жауап беремін деп тағы бір қыз баланы тоқ соғып қайтыс болған еді. Бұл қайғылы жағдай iPhone қуатталу үшін тоққа қосылып тұрған кезде орын алған. Сондай-ақ бейжіңдік 30 жасар азамат Ву Цзянтун iPhone 4 смартфонын қуаттандырамын деп жер жастана жаздаған.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети