Американың ұшқышсыз басқарылатын ұшағы орбитадағы 2 жылдық құпия миссиясынан кейін Жерге оралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Американың ұшқышсыз басқарылатын ұшағы орбитадағы 2 жылдық құпия миссиясынан кейін Жерге оралды Фото ©United States Air Force

 АҚШ-тың ұшқышсыз басқарылатын Х-37В ұшағы өзінің 2 жылға созылған ұзақ ұшуын тоқтатып, Калифорниядағы  Вандерберг әскери-әуе базасына қонды, деп хабарлайды РИА Новости. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

 АҚШ-тың ұшқышсыз басқарылатын Х-37В ұшағы өзінің 2 жылға созылған ұзақ ұшуын тоқтатып, Калифорниядағы  Вандерберг әскери-әуе базасына қонды, деп хабарлайды РИА Новости. 

Әуе базасының сайтында жарияланған хабарламада айтылғанындай Boeing компаниясы жасаған X-37B көп рет қолдануға арналған ұшу аппараты "674 күн бойы орбитада эксперименттер жүргізген". Бұл ұшу аппараты АҚШ-тың тестке арналған орбиталық аппараттарының миссиясы аясында ұшырылды.  

Сондай-ақ бірқатар БАҚ-тың хабарлауынша ұшқышсыз басқарылатын ұшақтың орбитада нақты қандай миссияны орындау үшін ұшырылғаны жаряиланбайды, құпия түрінде сақталып отыр. Кейбіреулер  Х-37В Қытай ғарыш  зертханаларын бақылау үшін ұшырылды деген болжамдар жасаған болатын, алайда бұл болжам жоққа шығарылды. Шындыққа жанасатын нұсқалардың біріне сәйкес, АҚШ спутник жіберу үшін алдын ала ұшқышсыз басқарылатын ұшақ арқылы технологияны тесттен өткізген көрінеді.

Бұған дейін ОTV-дан  үш рет осындай апараттар ғарышқа жіберілген, олар бас-аяғы 1367 күн ұшқан болатын.  АҚШ әуе базасының мамандары  США X-37B ұшқышсыз басқарылатын ұшағын өте жаңа, соңғы технологиямен жасалған көп мәрте пайдаланылатын ғарыш аппараты деп отыр. 

АҚШ-тың ұшқышсыз басқарылатын  Х-37В ұшағының орбитада нақты немен айналысқаны туралы ақпарат жоқ. Белгілісі, аппарат 2012 жылдың 12 желтоқсанында ғарышқа ұшырылған. Бақылаушылардың болжамы бойынша ол ғарышта Жерден 180 шақырым қашықтықта болды. Алайда бұл дерек ресми нақтыланбаған. Сондай-ақ салмағы 5 тонналық аппарат қандай құрылғымен жабдықталғаны да белгісіз.  OTV төртінші аппараты 2015 жылы ғарышқа ұшырылады деп күтілуде. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети