Apple 2018 жылы үш смартфон шығаруы мүмкін

© РИА Новости

Apple компаниясы келесі жылы iPhone X смартфонына ??сас та?ы жа?а ?ш смартфон шы?аруы м?мкін, - деп жазады Macrumors KGI Securities компаниясыны? сарапшысы Минг-Чи Куо?а сілтеме жасап.

Apple компаниясы келесі жылы iPhone X смартфонына ұқсас тағы жаңа үш смартфон шығаруы мүмкін, - деп жазады Macrumors KGI Securities компаниясының сарапшысы Минг-Чи Куоға сілтеме жасап.

Оның болжауынша, жаңа екі модельде OLED-дисплей болады. Олардың диагональдары - 5,8 және 6,5 дюйм (458 және 480-500 пиксель) болады делінген. Ал үшінші модельде LCD-дисплейінің болатыны айтылады. Диагоналі - 6,1 дюйм (320-330 пиксель). Сарапшының айтуынша, үш смартфон да iPhone X гаджетіне ұқсас болады.

Сондай-ақ, жаңа смартфондарда True Depth камерасы болатыны айтылып отыр. Айта кетейік, сарапшы жаңа модельдердің бағасы 649-749 доллар аралығында болатынын айтады.

Реклама
Реклама

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама