Apple компаниясы осы жылдың күз айында қымбат емес MacBook шығаруы мүмкін. Компанияның бұл жоспарын тайвандық өндіруші Quanta бөлісті, - деп хабарлайды Appleinsider.
Apple компаниясы осы жылдың күз айында қымбат емес MacBook шығаруы мүмкін. Компанияның бұл жоспарын тайвандық өндіруші Quanta бөлісті, - деп хабарлайды Appleinsider.
Негізгі базалық гаджеттің бағасы 999 АҚШ долларынан аспайтыны, демек өндіруші құрылғыларының ішіндегі ең арзаны болатыны анықталып отыр. Қазір 12 дюймді MacBook 1 299 долларынан басталады. Бұл баға жаңа MacBook Air-ға байланысты болуы мүмкін.
Күз айында шығарылатын жаңа лэптоп бұрынғы ноутбуктердің дизайнын қайталаса да, өнім сапалы болатынын мәлім болып отыр. MacBook Air-ге қарағанда су жаңа құрылғы өнім базасында бұрын-соңды болмаған Retina дисплейі мен жетілдірілген "көбелек" пернетақтасымен ерекшеленеді.
Сайттың хабарлауынша, бұл жетілдірілген ноутбуктің релизі қазан айында өтуі мүмкін. Себебі компания қыркүйек айында бірден үш жаңа iPhone моделі мен Face ID бағдарламасы бар iPad Pro құрылғысын жарыққа шығарады.
Айта кетейік, iPhone маркалы гаджеттің соңғы моделі Apple-дың ресми сайтында 999 АҚШ долларына сатылады. Осылайша күз айында сатылымға шығатын MacBook-тің бағасымен теңеседі.