iPhone және Apple-дың басқа да құралдары сымсыз байланысатын жаңа жерсерік технологиясын жасап шығармақ, - деп хабарлайды "Популярная механика".
iPhone және Apple-дың басқа да құралдары сымсыз байланысатын жаңа жерсерік технологиясын жасап шығармақ, - деп хабарлайды "Популярная механика".
Мұндай жерсерікті байланыс технологиясы пайдалану құралдарына ақпаратты тікелей қабылдауға және жіберуге мүмкіндік береді. Яғни, Apple гаджеттерінің иелері желіге қосылмай-ақ жұмыс істей алатын болады.
Bloomberg басылымының мәліметінше, ол үшін Apple арнайы жеке жерсерік құрал қоймайды. Оның орнына компания деректерді байланыс спутниктеріне жіберетін таратушы құрылғыларды немесе жердегі станцияларды ғана дамытады. Осы технологиялар арқылы Apple құрылғылары бір-бірімен ақпарат алмасып не желінің бар-жоғына қарамастан гаджеттерді байланыстыра алады. Сонымен қатар, жаңа технология құрылғылардың орналасқан жерін нақты анықтай алады.
Жаңа технологияны жасап шығаруға Apple өкілдері әуе ғарыш саласының бірнеше инженері мен жерсерік және антенна жасайтын мамандарды жалдаған. Жобаны жасау барысында мәселе туындаған сәтте оны тоқтатуы мүмкін екені айтылады.