Apple компаниясы өз смартфондарына ұсынылған бағаны төмендетуі мүмкін, - деп хабарлайды РИА Новости.
Apple компаниясы өз смартфондарына ұсынылған бағаны төмендетуі мүмкін, - деп хабарлайды РИА Новости.
Apple басшысы Тим Кук "Рейтер" агенттігіне берген сұхбатында компания доллар бағамы ұлттық валютаға шаққанда айтарлықтай құнсызданып кеткен елдерде кейбір iPhone модельдерінің бағасын төмендетуді жоспарлап отыр екен. Бірақ Кук нақты қай мемлекеттер екені жайлы тіс жарған жоқ.
Ресейлік маман Дмитрий Рябининнің айтуынша, iPhone 5-10 пайызға арзандауы мүмкін екен. Оның мәліметінше, Ресейде ең көп сатылатын Apple смартфоны - iPhone 6 моделі екен.
Қазақстанда жады 256 GB iPhone XR смартфоны шамамен 480 мың тұрады. Ал iPhone XS (256 GB) 649 мыңға бағаланған.