Apple жаңа AirPods Max құлаққаптарын көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Apple жаңа AirPods Max құлаққаптарын көрсетті

Apple компаниясы шуды естіртпейтін, дыбысты сапалы шығаратын 549 долларлық жаңа AirPods Max сымсыз құлаққаптарын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.ua сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Apple компаниясы шуды естіртпейтін, дыбысты сапалы шығаратын 549 долларлық жаңа AirPods Max сымсыз құлаққаптарын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.ua сайтына сілтеме жасап. 

Құлаққаптардың бес түсі бар: 

күміс түстес;
ғарыштық сұр;
аспан көк;
қызғылт;
жасыл.
 

Құлақаспап сырты анодталған алюминийден жасалған, ал құлаққаптарда арнайы "акустикалық түрде жасалған" жад көбігі қолданылады.

AirPods Max құрамында H1 чипі бар, онымен компания 2019 жылдан бастап AirPods, Beats құлаққаптарын, сондай-ақ HomePod ақылды динамигін жабдықтаған. Жаңа құлаққаптарда адаптивті эквалайзер, белсенді шуды жою, мөлдірлік режимін қамтамасыз ететін брендтік бағдарламалық жасақтама бар.

Digital Crown көмегімен пайдаланушылар дыбыс деңгейін реттей алады, әуенді ауыстырып, телефон қоңырауларына жауап берді және Siri-ді де іске қоса алады.

AirPods Max Apple компаниясы жасаған 40 миллиметрлік динамикалық драйвермен жабдықталған. Компания өкілдерінің айтуынша, бұл адамдарға әрбір нотаны естуге мүмкіндік береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети