Apple компаниясының өкілдері жаңа iPhone смартфондарын таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Apple компаниясының өкілдері жаңа iPhone смартфондарын таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл жолы 5,8-дюймді дисплейі бар iPhone XS ("тэн эс") пен 6,5 дюймді дисплейі бар iPhone XS Max таныстырылды.
Жаңа модельдер алтын, күміс және сұр түстерде шығарылған. Компаниядағылардың айтуынша, жаңа смартфондар осыған дейінгілерге қарағанда 50 пайызға жылдамырақ (секундына 5 триллион операция жүргізіледі) жұмыс істейді.
iPhone XS пен XS Max смартфондары үш нұсқада болады: сыйымдылығы - 64, 256 және 512 гигабайт.
Apple өкілдерінің айтуынша, жаңа смартфондар Қазақстанда 28 қыркүйектен бастап сатылымға шығады.
Сондай-ақ, жаңа модельдерде видео жазу үшін төрт микрофонның болатыны айтылады.
Компания өкілдерінің айтуынша, iPhone XS пен XS Max аккумуляторлары ұзағырақ уақыт жұмыс істейді.
РИА Новости мәліметінше, iPhone XS смартфондары 999 доллардан басталса, iPhone XS Max 1099 доллардан басталады.
Бұдан бөлек компаниядағылар Apple Watch Series смарт-сағаттарын таныстырды. Олардың айтуынша, сағаттардың көлемі екі түрлі болады - 40 миллиметр және 44 миллиметр.