1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Гаджеттер

Apple жаңа iPhone ұялы телефондарына Samsung дисплейін орнатады13 ақпан 2017, 22:05

© MacDigger © MacDigger

Apple 2017 жылы шығатын iPhone 8 ұялы телефондары үшін Samsung Display компаниясының 60 миллион дана OLED-панельдеріне тапсырыс берген. Бұл туралы The Investor порталы хабарлайды. 

Әрбір матрица Apple компаниясы үшін 71 доллар төлейді, ал келісімшарттың құны бес триллион ($4,3 миллиард) корей вонын құрайды екен.

Басылым мәліметінше, өткен жылы корейлі және америкалық компаниялар жаңа iPhone үшін 100 миллион OLED-панельдерін орнату келісілген. Егер жыл сайын Apple 200 миллион смартфон сататынын ескерсек, Samsung Display iPhone 8 ұялы телефондарын 80 пайыз экранмен қамтитын болады. 

Осыған дейін, 2017 жылы Apple iPhone өндірісін 10 пайызға төмендететіні туралы хабарланған.