11 маусым 2018 | 10:05

Apple қан қысымын өлшеу функциясы бар фитнес білезіктерін патенттеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Apple тонометр қағидаты бойынша жұмыс істейтін әрі қан қысымын өлшеу функциясы бар фитнес білезіктерін шығаруы мүмкін. Бұл жайлы АҚШ патенттік және сауда маркалары бюросында жарияланған, - деп жазады Appleinsider.


Иконка комментария блок соц сети

Apple тонометр қағидаты бойынша жұмыс істейтін әрі қан қысымын өлшеу функциясы бар фитнес білезіктерін шығаруы мүмкін. Бұл жайлы АҚШ патенттік және сауда маркалары бюросында жарияланған, - деп жазады Appleinsider.

Жаңа құрылғы Apple компаниясының басқа да техникаларымен байланыса алады. Ол күретамыр қысымы көрсеткіштерін бақылап, өзге де сараптама үшін дайын деректерді басқа құрылғыларға жібереді.

Жаңа аксессуар ұзартқыш манжеттерден, өлшеу сенсорынан және бас бөлігімен байланысу үшін интерфейстер жиынтығынан тұрады. Бұрынырақ шыққан Apple Watch жүрек соғу жылдамдығы туралы деректерге негізделген, тиісті нәтижелерді қалыптастыратын өнім болса, жаңа құрылғы тонометр қағидаты бойынша жұмыс жасайды.

Құрылғы саудаға шықса, ол Apple-дің алғашқы медициналық өнімі болады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети