Америкалық Somaltus LLC фирмасы Apple компаниясын сотқа берді. Олар корпорациядан iPhone, iPad және басқа да гаджеттердің қуаттау құрылғыларының технологиясын заңсыз пайдаланды деп, сол үшін ақша төлеуін сұрап отыр, - деп хабарлайды Macdigger.

Somaltus фирмасының өкілдері Apple гаджеттері Техас компаниясына тиесілі қуаттау жүйесін қолданып жүргенін айтады. "iPhone телефондарында өзіндік қуаттау жүйелері бар. Яғни, Apple компаниясының құрылғыларын қуаттау кезінде телефонның қуаты 80 пайыз болмағанша, ол тез қуаттау жүйесін пайдаланады", - деп түсіндірді Somaltus компаниясының заңгерлері.
Сарапшылардың айтуынша, егер Apple компаниясы сотта жеңілсе, мұндай шағымдар басқа компанияларға да түсуі мүмкін.