06 желтоқсан 2019 | 16:38

Apple өнімдерінің келесі буыны қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Келесі iPhone өнімдері мүлде сымсыз әрі жалғағышсыз болуы мүмкін. Мұндай болжамды танымал сарапшы Мин-Чи Куо жасады, - деп хабарлайды 9to5mac.


Иконка комментария блок соц сети

Келесі iPhone өнімдері мүлде сымсыз әрі жалғағышсыз болуы мүмкін. Мұндай болжамды танымал сарапшы Мин-Чи Куо жасады, - деп хабарлайды 9to5mac.

Мин-Чи Куо болжамдарын жария етіп, 2020 және 2021 жылдары шығатын Apple смартфондары қандай болатынын айтты. Оның айтуынша, келесі жылы Apple бес түрлі iPhone ұсынады екен. Дизайны iPhone 4 с нұсқасына ұқсайды. Төрт OLED-дисплей және бір бюджеттік iPhone SE 2 IPS экраны бар телефондарының презентациясы болады. iPhone OLED-тің біреуінің экраны 5,4 дюйм болады, екеуі 6,1 дюйм және ең үлкені 6,7 дюйм.

Орта деңгейлі модельде екі камера болады. 6,1 және 6,7 дюймдық экрандарда үш камера және ToF технологиясы (нысандар мен қоршаған ортаны скандау) болады. iPhone SE 2 бір ғана камера және 4,7-дюймдік IPS-дисплей болады. Ол iPhone 8 базасында құрастырылады. 

Мин-Чи Куоның ойынша, Apple екі жылдан соң Lightning өнімдерінен және басқа да жалғағыштардан мүлде бас тартады. Бұл дегеніміз оны тек сымсыз қуаттауға болады, ал iPhone-ды компьютерге жалғау үшін Wi-Fi жеткілікті. Мұндай идеяны басқа смартфондар іске асырмақ болған. Алайда бұл тек тәжірибе ретінде ғана жасалып, өзі сатылымға шыққан жоқ. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети