Астанада домбыра тартуды үйрететін мобильдік қосымша жасалды

07 Сәуір 2014, 19:24
0
Астанада домбыра тартуды үйрететін мобильдік қосымша жасалды -  @Wikipedia.org
@Wikipedia.org

Мобильдік қосымшаның көмегімен домбыра тартуды үйренуге болады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада жастар арасында инновациялық идеялар мен жобалардың байқауы өткен. "Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері смартфондар мен планшеттерге арналған жаңа мобильдік қосымша - "Домбыраны" ойлап шығарды. Бұл қосымша ұлттық аспапта ойнауға үйретеді, оның көмегімен кез келген адам сүйікті күйін шерте алады", - делінген хабарламада.

Байқауды Жастар саясаты мәселелері басқармасы серпінді идеялар мен инновациялық жобаларды анықтау мақсатында ұйымдастырды. Байқауға "Үздік инновациялық технология", "Үздік инновациялық өнім", "Үздік инновациялық идея", "Балалар инновациялары" аталымдары бойынша 29 жасқа дейінгі адамдар қатысып, 17 өтініш қаралды. 

Байқаудың 14 жастағы ең жас қатысушысы Жансая Бейсембаева Қазақстанда теңіз әуежайын салуды ұсынды. Ал Назарбаев университетінің студенттері жаңадан жол салуды қажет етпейтін асфальт және бетон жолдардың астына пьезоэлектр генераторларын орнату жөніндегі жобаларын таныстырды. 

Сонымен бірге, EXPO-2017 халықаралық көрмесінің қарсаңында жас кәсіпкер А.Бекеев қымыздан ұлттық нақышта сүт коктейлін жасаудың жаңа тәсілін ұсынды. Babycare GPS деп аталатын тағы да бір қызықты жоба байқау сарапшылары кеңесінің назарын өзіне аударды. Бұл жоба смартфондарға оңай орнатылады және ата-аналарға  балаларының жүрген жерін тәулігіне 24 сағат бойы біліп отыруға мүмкіндік береді, ал қажет болған жағдайларда SOS белгілерін жібереді.

Ұйымдастырушылар аталған іс-шара инновациялық қызмет саласында жас ғалымдардың және өнертапқыштардың белсенділігін арттыруға итермелейді деп санайды. Байқау нәтижелері 10 сәуірде жарияланады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай