Автобустарға Citybus қосу үшін қосымша қаржы қажет

ПОДЕЛИТЬСЯ

Автобустарға Citybus қосу үшін қосымша қаржы қажет Тengrinews.kz иллюстрациясы

Алматыдағы қоғамдық көліктердің қозғалысын бақылайтын Citybus бағдарламасын әрі қарай жаңартып, жетілдіріп жұмыс істеу үшін қосымша қаржы қажет, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы  қалалық әкімдігіне сілтеме жасай отырып.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы қоғамдық көліктердің қозғалысын бақылайтын Citybus бағдарламасын әрі қарай жаңартып, жетілдіріп жұмыс істеу үшін қосымша қаржы қажет, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы  қалалық әкімдігіне сілтеме жасай отырып.

Бұл бағдарлама қала тұрғындары өз уақытын үнемдеу мақсатында қоғамдық көліктің бағытын бақылап отыруға көмектеседі. Бағдарлама қоғамдық көліктерде орнатылған GPS-белгі беру құрылғысы арқылы жұмыс істейтін. Бірнеше ай бұрын қалада қоғамдық көліктердің қозғалысын бақылауы тиіс бағдарлама  Citybus өшіріліп  тасталған еді. Tengrinews.kz мұның себебін қалалық Жолаушылар көлігі басқармасынан сұрап көрді:

"Қазір бұл бағдарлама аясында техникалық алдын алу шаралары жүргізілуде. Мәлім болып отырғандай, Citybus бағдарламасы арқылы жұмысты сапалы, жүйелі жүргізуге қосымша қаржы көзі қажет. Бұл мәселе қазір "Алматы қаласы көлік холдингінде" пысықталуда" - деп жауап берді Tengrinews.kz тілшісіне басқарма мамандары.

Еске салайық, бұған дейін қала әкімінің орынбасары Юрий Ильин Citybus бағдарламасының жұмысы бақылауда екенін айтқан. 
Айта кету керек, Citybus алғаш рет қалада  2012 жылы көктемде Google Play маркетінде орнатылды.  Онда жолаушыларды тасымалдаушы компаниялар туралы ақпараттар, қызмет көрсетуші ұйымдардың тізімдері және олармен байланыс бөлімі қоса көрсетілген. Сондай-ақ тұрғындарға GPS қызметі арқылы көліктердің бағытын бақылауға да мүмкіндік бар болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети