Қазақстанда алаяқтардың банк есепшоттарына шабуылы жиілеп кетті. Қаскүнемдер адамдарға қоңырау шалып, өзін қауіпсіздік қызметкері ретінде таныстырады және оларды алдау арқылы ақшасын жымқырады. Өкінішке қарай, көп адам алаяқтар әрекетінен зардап шеккені жасырын емес.
Қазақстанда алаяқтардың банк есепшоттарына шабуылы жиілеп кетті. Қаскүнемдер адамдарға қоңырау шалып, өзін қауіпсіздік қызметкері ретінде таныстырады және оларды алдау арқылы ақшасын жымқырады. Өкінішке қарай, көп адам алаяқтар әрекетінен зардап шеккені жасырын емес.
Банк қызметкерін алаяқтан қалай ажыратуға болады?
Банк қызметкері:
- Сіз операцияны өзіңіз жасап жатырсыз ба деп сұрайды. Иә немесе жоқ деп жауап берсеңіз жеткілікті.
Алаяқ:
- Сізді ақша ұрланып жақанын айтып, қорқытады
- SMS-код сұрайды
- Құпиясөзді өзгертуді ұсынады
- Ақшаны басқа біреудің картасына немесе уақытша электрон әмиянға аударуды сұрайды
- Несие рәсімдеуі бойынша сұрақтар қояды
- Банкоматтан несиені шығарып алып, картаңызға салуға нұсқау береді
- Ол ақшаны "сақтандыру" керегін ескертіп, "сақтандыру агентіне" немесе "сақтандыру ұяшығына" аударуды сұрайды
- Телефонға қандай да бір қосымша орнату керегін айтады
- Жеке деректеріңізді немесе кейбір әрекетті орындауды сұрайды
- Банкке қоңырау шалмауыңызды, онда алаяқтар болуы мүмкін екенін ескертеді
- Банктен қоңырау шалып, сұрақ қойса, операцияны өзіңіз жасап жатқаныңызды айтуды сұрайды
- Қайта-қайта қоңырау шалып, басқа бөлімге ауыстырып, үрей туғызады
Төменде алаяқтар қалай алдайтындығы туралы бірнеше әдеттегі мысалдар келтірілген (бұл қазақстандық банктерде болған оқиғалар. Атаулар белгілі себептермен өзгертілген).
Әйгерім, банк клиенті:
"Жұмыста отырғанмын. Бір ер адам қоңырау шалып, банктің қауіпсіздік қызметкері екенін айтты:
-Сіз қазір 1 миллион теңгеге несие рәсімдеп жатырсыз ба?
- Жоқ.
- Онда ол алаяқтар. Құпиясөзді өзгерту керек. Бағдарламаға кіріп, "құпиясөзді ұмыттым" түймесін басыңыз. Енді телефонға келген SMS-кодты енгізіңіз. Енгіздіңіз бе?
- Иә. Туған күнімді сұрап тұр.
- Иә толық енгізіңіз. Енді бет-бейнеңізді сәйкестендіру керек. Телефонды өзіңізге қаратып ұстаңыз.
- Жаңа құпиясөз енгізейін бе?
- Иә. Сізге айтып тұрамын, жазып алыңыз: ХХХ123. Енді уақытша құпиясөзді өзгерпей, әзірше бағдарламаға кірмей тұра тұрыңыз.
- Жақсы.
- Қазір сіздің телефоныңызға SMS-код келеді соны маған айтып жіберіңіз.
- 1234.
- Алаяқтар сіздің атыңыздан несие рәсімдеп үлгеріпті. Енді оны шығарып алмау үшін, біз басқа өтініш жіберуіміз керек. Ол үшін сіздің телефоныңызға SMS-код келеді, соны маған айтып жіберіңіз.
- 4321.
- Өтінішіңіз қабылданды. Енді банкоматқа барып ақшаны шығарып алғаннан кейін картаңызға салып қойыңыз.
- Иә, әрине! Рақмет!
Оның айтқанын жасадым. Кейін депозитімнен және ағымдағы есепшоттан ақша алынғанын көрдім. Оның үстіне енді менде несие бар - 1 миллион теңге. Олар алаяқ болып шықты".
Алаяқ Әйгерімнің телефон нөмірін білген, бірақ бағдарламаға кіретін құпиясөзін білмеген. Қазір банк қосымшасындағы құпиясөзді өзгерту оңай емес. SMS-код енгізіп қана қоймай, сонымен бірге туған күнін көрсетіп, бет-бейнесін сәйкестендіру керек. Соған қарамастан, алаяқ қызды көндіре алды және жаңа құпиясөзді өзі берді.
Әйгерімнің жеке деректерін алғаннан кейін, ол бірден барлық ақшаны өзіне аударып алған. Банк клиентке аударымды растау үшін құпия код жазылған хабарлама жіберді. Әйгерім құпия кодты алаяққа айтып берді. Сол арқылы алаяқ клиент есепшотынан ақшаны еш кедергісіз аударып алды.
Кейін алаяқ қыздың атынан несие алуға өтініш жіберді. Банк тағы да Әйгерімге құпия код жазылған хабарлама жіберді. Ол оны тағы да алаяққа хабарлады. Өтінім мақұлданды. Бірақ несиені Әйгерімнің өзі ғана ала алады, өйткені банкомат әр клиентті бет-бейнесі арқылы "таниды". Сондықтан, алаяқ ақшаны алып, картаға салуды сұрады.
- Банк қауіпсіздік қызметінің түсініктемесі.
Әйгерімнің қателігі:
- Алаяқ нұсқауларын орындап, жеке құпиясөзді өзгертті
- Бірнеше рет алаяққа банк растау үшін жіберген 4 таңбалы кодты айтты
- Алаяқ құпиясөзін білетінін біле тұра, несиені алғаннан кейін оны есепшотқа салды
Сая, банк клиенті:
"Босанғаныма көп уақыт болған жоқ. Уақытымның бәрі баламен бірге өтеді. Тіпті тамақтануға да уақытым болмайды. Бұр күні телефоныма белгісіз нөмірден қоңырау түсті:
- Банктен хабарласып тұрмын. Сіздің картаңыздан күдікті ақша аударымы болғанын көріп тұрмыз.
- Енді не істеймін?
- Ақшаңызды тезірек біздің сақтандыру агентіне аударуыңыз керек. Сізге есепшотты жібердім. Ақшаңыз уақытша қауіпсіз ұяшықта сақталады.
- Солай ма? Жақсы.
- Тек есіңізде болсын, біздің қызметкерлер де алаяқ болуы мүмкін екенін ескертеміз. Қазір олар сізге хабарласып, құпиясөзді өзіңіз ауыстырып жатырсыз ба немесе ақша аударымын өзіңіз жасадыңыз ба деп сұрайды. "Иә" деп жауап беріңіз.
Дәл солай болды. Олар маған банктен қоңырау шалды. Ақшаны өзім аударғанымды растауды сұрады. Мен "иә, иә, өзім" дедім. Содан кейін ақшамның жоғалғанын көрдім".
"Уақытша есепшоттар" немесе "сақтандыру ұяшықтары" болмайды. Банк қызметкерлері ешқашан клиенттен есепшотқа ақша аударуды сұрамайды.
Бізде күдікті операцияларды бақылайтын жүйе бар. Мысалы, егер адам құпиясөзді өзгертіп, барлық ақшаны депозиттен дереу аударып алса, бұл күдікті болуы мүмкін. Сондықтан біз клиентке хабарласып ақпаратты нақтылаймыз. Алаяқтар бұл туралы біледі және ескертеді: "Егер сізден сұраса, өзім деп айтыңыз". Көбі бәрін өзім жасап жатырмын деп жауап береді. Егер алаяқ пен банк қызметкерін қалай ажыратуды білсе мұндай жағдай болмас еді.
- Банк қауіпсіздік қызметінің түсініктемесі.
Саяның қателігі:
- Ақшаны сақтандыру агентіне, яғни белгісіз есепшотқа аударды
- Ол банк қызметкеріне бұл операцияны өзі жасағанын айтты
Зинаида Андреевна, банк клиенті:
"Маған банк қауіпсіздік қызметінен қоңырау шалды:
- Зинаида Андреевна?
- Иә.
- Сізге банктен хабарласып тұрмын. Сіздің картаңыздан ақша аударып жатыр. Сондықтан қазір банк қосымшасын жүктеп алу қажет.
- Мен оны жасай алмаймын. Қалай жүктеу керегін білмеймін. Қазір қызыма айтайын.
- Иә, міндетті түрде жүктеу керек. Жүктей алдыңыз ба? Өте жақсы, енді уайымдамасаңыз болады.
- Рақмет! Онда менің зейнетақым бар еді.
Кейін тексерсем картамда ақша жоқ. Банкке қоңырау шалсам, қосымша арқылы ақшаны өзіңіз аударған екенсіз дейді. Қалай? Кейін білдік, қосымшаға басқа адамдар кірген екен".
Басында біз бұл алаяқтық әрекетті түсіне алмадық. Себебі құпиясөз өзгермеген. Әженің телефонын тексергенде құрылғыға үшінші тұлғаға толық қол жеткізу мүмкіндігін беретін зиян қосымша орнатылғанын көрдік. Олар хабарламаны көре алады.
- Банк қауіпсіздік қызметінің түсініктемесі.
Зинаида Андреевнаның қателігі:
- Алаяқтар талабы бойынша мобайл қосымша жүктеп алды
Мақаланы оқып отырып мен мұндай жағдайға түспеймін деп ойлаймыз. Бірақ іс жүзінде, алаяқ қоңырау шалғанда қолымызда жылап жатқан бала болуы немесе автобусқа кешігіп жүгіріп бара жатуымыз немесе қалыпты ойлауға мүмкіндік болмаған тағы бір жағдайда болуымыз мүмкін. Ал алаяқтар сізді қорқытып, барынша асығыс жағдай тудырады.
Алаяқтар жымқырған ақшаны бақылау және қайтару оңай болып көрінеді. Бірақ, көп жағдайда олар шетел азаматы. Сондықтан ұрланған қаражатты қайтару өте қиын.
Алаяқтар колл-орталықтар немесе қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің сөйлесу мәнерін біледі. Олар жақсы, анық, сауатты сөйлейді. Дауысынан ажырату мүмкін емес. Бірақ өзіңізді қорғау жолдары өте қарапайым. Тек есіңізде сақтаңыз:
Егер сізден телефон арқылы жеке ақпаратыңызды сұраса немесе қандай да бір әрекеттерді жасауды ұсынса, онда ары қарай әңгімені жалғастырмаңыз. Егер күмәнданатын болсаңыз банктің байланыс орталығына өзіңіз қоңырау шалыңыз.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!