19 сәуір 2020 | 17:00

Beeline ТЖ кезінде қарттарды байланыспен қамтамасыз етеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Beeline ТЖ кезінде қарттарды байланыспен қамтамасыз етеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Beeline ТЖ кезінде қарттарды байланыспен қамтамасыз етеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Beeline карантин мен ТЖ кезіне қазақстандық зейнеткерлерге және мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін мобильді байланыс ұсынады. Дауыстық байланыс пен интернет трафикті "Әлеуметтік" және "Хабарласу+" тариф жоспарларының барлық қолданушысы алады.

"Коронавирус індетіне байланысты елімізде карантин мен ТЖ жарияланып отырған кезде, қазақстандықтарды сөзбен ғана емес, нақты іспен қолдағымыз келеді. Адамдарға, әсіресе қарттарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесу, адамдармен тікелей байланысын азайтып, қандай-да бір ерекше шектеусіз телефон арқылы байланысуын қолдау қолымызда тұр. Бүгін әлеуметтік тарифтердің қолданушыларына жақындарымен байланысуға жететін минуттар мен интернеттің қосымша топтамаларын аударамыз. Қазақстандықтарға денсаулық пен сабыр тілейміз!", - деді Beeline Қазақстанның Бас атқарушы директоры Евгений Настрадин.

Қазақстандағы ашық көздердің деректеріне сүйенсек, шамамен 2 миллион адам зейнет жасынан асып кеткен. Арнайы солар үшін, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 2016 жылы "Әлеуметтік" тариф жоспары ашылды. ТЖ кезінде тарифтің барлық абонентін қолдау үшін, оларға 2020 жылғы 30 сәуірге дейін ҚР-дағы барлық нөмірге хабарласуға жарайтын 300 минут дауыстық трафик пен 30 ГБ интернет трафик автоматты түрде беріледі. Осындай топтама есту мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «Хабарласу» тариф жоспарының абоненттеріне де беріледі.

Бұған дейін Beeline шетелдерде жүрген қазақстандықтарға тегін байланыс топтамаларын берген, сондай-ақ карантин кезіне көрермендерге ТВ топтамаларын толық ашты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Серіктестік материал
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети