"Дабыл түймесі" үш соғыс ардагерінің өмірін сақтап қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Дабыл түймесі" үш соғыс ардагерінің өмірін сақтап қалды ©taminfo.ru

Қазақстанда "Дабыл түймесі" жүйесі Ұлы Отан соғысының үш ардагерінің өмірін сақтап қалды, - деп хабарлайды TengrinewsTV. Мұндай ерекше мобильдік құрылғылар ардагерлерге таратыла бастады, сәуір айының соңына дейін оған республика бойынша 5 мыңнан астам ардагер қол жеткізеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда "Дабыл түймесі" жүйесі Ұлы Отан соғысының үш ардагерінің өмірін сақтап қалды, - деп хабарлайды TengrinewsTV. Мұндай ерекше мобильдік құрылғылар ардагерлерге таратыла бастады, сәуір айының соңына дейін оған республика бойынша 5 мыңнан астам ардагер қол жеткізеді.

Құрылғы ардагерлердің еш қиындықсыз жедел қызметтерді шақыруы үшін жасалған, бір түймені басып, "Өмір желісі 24" қызметінің тәулік бойы жұмыс істейтін call орталығына хабарласуға болады. Операторлар бірден қоңырау шалған абонент туралы мәліметті және ауруы туралы сипаттаманы алады. Бұл мәліметтер жедел жәрдемге жіберіліп, операторлар қоңырау шалған адамның туыстарына хабар береді. Құрылғының ерекшелігі де сол - телефоннан номер термей, SOS кнопкасын бір рет басу жеткілікті.

Айта кетейік, құрылғыда дыбысзорайтқыш та бар, оны құлағы нашар еститіндердің өзі пайдалана алады және құрылғы тегін таратылады. Сонымен қатар құрылғының екі күнге дейін жететін қуат көзі бар, соның арқасында гаджет иелері полицияны, өрт сөндіру қызметін немесе құтқарушыларды шақыра алады.

Жоба 2014 жылдың мамыр айынан бері іске аса бастады, сол уақыттан бері 376 аппарат таратылды және call орталықтың мамандары 500 қоңырауға қызмет көрсетіп, 80 рет жедел көмек шақыртты және үш ардагердің өмірін сақтап қалды.

Жобаны жүзеге асыру үшін қажетті қаржыны Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының қолдауымен ''Даму'' қоры бөлді. Жобаның жалпы сомасы - 600 миллион теңге.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети