16 қараша 2015 | 16:45

Дәрігерлер гаджет сәулелерінен қорғану мақсатында түнгі фильтр қолдануды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Ұлыбританиялық дәрігерлер сәулеленуден қорғану мақсатында гаджеттерге түнгі фильтр қолдануды ұсынды, - деп хабарлайды BBC News.


Иконка комментария блок соц сети

Ұлыбританиялық дәрігерлер сәулеленуден қорғану мақсатында гаджеттерге түнгі фильтр қолдануды ұсынды, - деп хабарлайды BBC News.

Балалар түсінің физиологиясы жөніндегі маман Пол Гринграстың айтуынша, смартфон, планшет, электронды кітаптар мен басқа да гаджеттерден болатын сәулелену адам түсінің бұзылуына алып келеді. Құрылғы шығаратын сәуленің көк-жасыл бөлігі мелатониннің - адамға ұйықтауға көмектесетін гармонға кері әсер етеді. Яғни, экран неғұрлым жарық болған сайын, адамның ұйқыға кетуі соғұрлым қиын.

"Жатар алдында гаджет қолданған адамның ұйықтауына көп уақыт кететіні анықталды. Әрине, гаджеттер адам өміріне пайдалы, дегенмен арнайы қорғаныш қолданған жөн", - деді профессор Гринграс. Ол құрылғыларға түнгі фильтр қолдануды ұсынды. Сонымен қатар, фильтрді дисплейді басқара алатын бағдарлама арқылы орнатуға болатыны айтылды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети