Дүние жүзіндегі ең танымал смартфон аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дүние жүзіндегі ең танымал смартфон аталды Фото ©REUTERS

ComprarAcciones сарапшылары дүние жүзіндегі ең танымал смартфонды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ComprarAcciones сарапшылары дүние жүзіндегі ең танымал смартфонды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сарапшылардың пікірінше, 2020 жылдың екінші тоқсанында смартфондардың әлемдік сатылымы өткен жылмен салыстырғанда 20,4 пайызға құлдыраған, 294,7 миллион құрылғы сатылған.

Смартфонның көп бөлігін Huawei (сатылымның 20 пайызы), Samsung (19,5 пайыз) және Apple (13,5 пайыз) сатқан. Төртінші орында қытайлық Xiaomi компаниясы тұр.

Смартфондардың әлемде ең көп тиражбен сатылған танымал моделі iPhone 11 болды - 37,7 миллион. Екінші орында 11,4 миллион сатылыммен Samsung Galaxy A51, үшінші орында Xiaomi Redmi Note 8 (11 миллион) келеді. Бір қызығы, әлемдегі ең көп сатылатын 10 смартфонға iPhone-ның бес және Xiaomi-дің төрт моделі кіреді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети