Америкалық Apple компаниясы iPhone смартфонының алдыңғы бетінде тұратын Home батырмасын алып тастайды, - деп хабарлайды MacDigger.ru Тайванның DigiTimes деп аталатын салалық басылымына сілтеме жасап.
Америкалық Apple компаниясы iPhone смартфонының алдыңғы бетінде тұратын Home батырмасын алып тастайды, - деп хабарлайды MacDigger.ru Тайванның DigiTimes деп аталатын салалық басылымына сілтеме жасап.
Apple біркристалдық TDDI (Touch and Display Driver Integration) жартылай өткізгіш технологиясын енгізеді. Жаңа өнімнің осы жолмен әзірленуі Home батырмасын алып тастауға ғана емес, құрылғыны айтарлықтай жұқартуға да мүмкіндік туғызады. TDDI чипі сенсор қызметі мен экранның функциясын атқарады, сонымен бірге, оған саусақты танитын тетіктер де орнатылады.
Touch ID тетігі iPhone батырмасына 2013 жылы қойылған болатын. Бұл арқылы iPhone және iPad қолданушыларының мәліметтеріне деген қауіпсіздік деңгейі арта түскен еді. Құрылғының құлпын алып тастау үшін және төлемдер жасау үшін қолданушы саусағымен түртсе болғаны. Жыл басында Apple компаниясы тағы бір жаңалыққа патент алды. Патент сипаттамасында Купертинода ұялы құрылғылардың сенсор экрандарының бетіне биометрикалық сенсор орнату мүмкіндігі қарастырылғаны жазылған.  
TDDI чипі тачскринге саусақты апарған сәтте автоматты түрде оның сканын алуға мүмкіндік береді. iPhone мен iPad құрылғыларына тек заңды иесі саусақ тигізгенде ғана құлпы ашылады.
Apple құрастырып жатқан технология iPhone, iPad және Apple Watch құрылғыларында қолданылады және адамның биометрикалық сипаттамасын ұялы телефоннан белгілі бір қашықтықтан басқаруға мүмкіндік ашады.