Геннадий Головкин Apple Watch cағатының жарнамасына түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин Apple Watch cағатының жарнамасына түсті Геннадий Головкин. © badculture.net

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Apple компаниясының жарнамасына түсті, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл туралы боксшының "ВКонтакте" желісіндегі ресми парақшасында хабарланды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Apple компаниясының жарнамасына түсті, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл туралы боксшының "ВКонтакте" желісіндегі ресми парақшасында хабарланды.

15 секундтық жарнамада боксшы жылдам жаттығу жасап, Apple Watch cағаты арқылы жүрек соғысының жылдамдығын бақылайды. Айта кетейік, Apple Watch смарт-сағаты танымал компанияның үздік өнімдерінің бірі. Жақында нарықтағы сатылым көрсеткіші бойынша алдыңғы шептен көрініп, сағаттың платформасына арналған қосымшаларының саны 6 мыңнан асты. Бұл көрсеткіш iPhone мен iPad нәтижелерінен озып шыққан болатын. 

Еске сала кетейік, Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жұдырықтасады. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) бірінші кездесуі болмақ. Кездесуді "Қазақстан" телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети