Google жаңа операциялық жүйесін таныстырды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Google жаңа операциялық жүйесін таныстырды ©Reuters

Google компаниясы Chrome OS Flex операциялық жүйесін таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Google компаниясы Chrome OS Flex операциялық жүйесін таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның сайтына сілтеме жасап.

Жаңа жүйе - ескі компьютерлер мен ноутбуктерге арналған және оларды қолданатын компаниялар мен мектептерге бағытталған Chrome OS-нің жеңіл нұсқасы.

Google қызметкері ескі жүйелерді Windows немесе macOS-ты Chrome OS Flex-ке ауыстыру арқылы жандандыруға болатынын айтты. Бұл ескі жабдықтардың ұзақ жыл бойы тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Gizmochina мәліметінше, ОЖ бірнеше минут ішінде орнатылады және 13 жылға дейінгі құрылғыларда тиімді жұмыс істейді. Бұл ескі ноутбукты Chromebook-қа айналдыруға мүмкіндік береді.

Жүйені орнату үшін сауалнамаға деректерді енгізу керек, ал содан кейін Google орнату нұсқаулығын жібереді. Орнатудың үшін тек ОС жүктелетін USB флэш-дискі қажет. Бұл жағдайда кейбір функциялар қолжетімді болмауы мүмкін, өйткені бәрі аппараттық құралға байланысты болады.

Былтыр Google Android операциялық жүйесінің жаңартылған нұсқасын жариялаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети