29 шілде 2016 | 11:13

iPhone 7 смартфонының шығатын мерзімі аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© avtoinsider.com © avtoinsider.com

Танымал блогер Эван Бласс iPhone 7 және 7 Plus гаджеттерінің шығатын мерзімін болжады, - деп хабарлайды MacRumors.


Иконка комментария блок соц сети

Танымал блогер Эван Бласс iPhone 7 және 7 Plus гаджеттерінің шығатын мерзімін болжады, - деп хабарлайды MacRumors.

Жалғасы

Аптаның басында блогер Apple корпорациясы жаңа iPhone 12 қыркүйектен кейінгі бір аптаның ішінде шығаруы мүмкін деп болжаған. Кейін @evleaks жаңа iPhone сатылымға 16 қыркүйекте шығады деген болатын. Бүгін Бласс мәліметтерді нақтылап, алдын ала тапсырыс берудің 9 қыркүйектен басталатынын айтты.

Басылым әдетте Apple алдын ала тапсырыс беруден бұрын бірнеше күн ерте жаңа ұялы телефонды жұрт назарына ұсынатын атап өтті. Компания жаңа өнімді 6 қыркүйекте таныстырады деп күтіліп отыр, себебі бірінші дүйсенбі АҚШ-та Еңбек күні атап өтіледі.

Компания соңғы төрт iPhone өнімінің таныстырылымы мен сату науқанын кыркүйек айының ортасында ұйымдастыратын. Алайда @evleaks дереккөздері қателесуі де мүмкін. Мысалы, бұрындары Бласс Apple компаниясы iPhone 6C смартфонымен бірге iPhone 6S және 6S Plus өнімдерін күзде таныстырады деп айтқан, алайда iPhone SE таныстырылымы наурыз айында өткен. 

Күзде Apple смартфонның екі түрін шығарады деп жоспарланған. "Жетінші" iPhone өңделген дизайн, ылғалдылыққа төзімді, Wi-Fi LTE қосылуы жылдам, жады ең азы 32 ГБ, қатарлы камералар, жаңа түстер және де Home батырмасы өзгеше болмақ.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети