iPhone 8 қандай болатыны туралы жаңа деректер шықты

10 Шілде 2017, 14:12
0
 iPhone 8 прототипі. Youtube желісіндегі видеодан алынған кадр
iPhone 8 прототипі. Youtube желісіндегі видеодан алынған кадр

Желіде сегізінші iPhone қандай болатыны туралы кей деректер мен сыбыстар пайда болды, - деп хабарлайды hi-tech.mail.ru.

Сыбыстарға қарағанда Apple iPhone 8 құрылғыларын төрт түспен шығарады, олардың бірі жаңа түс. Бұл ақпарды Бенджамин Гескин жариялады және жаңа түс айна сияқты шағылысатын болады. 

 

Өткен демалыс күндері бағдарламашы Джон Грубер құрылғының сымсыз қуаттауышы бірге сатылмайтындығымен қоса, кейінірек жасалып шығатыны туралы жазған. 

YouTube Unbox Therapy арнасының авторлары сегізінші iPhone құрылғысының өзіндік прототипін жасап, оны нарықта бар өзге телефондармен салыстырды. iPhone 8 прототипі туралы барлық сыбысты ескере отырып жасалған және қазіргі уақытта ең дәл сипат бере алады делінеді. 

Unbox Therapy iPhone 8 құрылғысын бәсекелес Samsung Galaxy S8 телефонымен салыстырады. 

Drexel Hamilton компаниясының сарапшысы Брайан Уайт iPhone 8 Apple корпорациясын тарихта алғаш рет триллион долларға бағаланған ұйым ететінін айтады. Компания қазірдің өзінде 752 миллиард долларға бағаланып отыр. 

Apple компаниясының жаңа смартфоны қыркүйекте сатылымға шығатынын айта кетейік. 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай