Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

iPhone сатылымы рекордтық деңгейге жетті

28 Қыркүйек 2015, 21:33
0
© REUTERS
© REUTERS

Сатылымға шығарылған үш күн ішінде Apple 13 миллион дана iPhone 6s және 6s Plus сатып үлгерді, - деп хабарлайды "Вести.Ru". Осылайша компания өнімді сатудан рекорд орнатты.

Айта кетейік, сарапшылар 12-15 миллион дананың сатылатынын айтқан болатын. Мұндай болжам жаңа өнімді таныстыру кезінде жасалды. Өздеріңіз білетіндей, жаңартылған телефонда 3D Touch пайда болды. Сонымен қатар, Live Photos функциясы, iSight 12 мегапиксельді камера, Retina Flash технологиясымен жасалған 5 мегапиксельді FaceTime HD-камерасы бар.

Бұған дейін Apple интернет-дүкенінде жаңа iPhone 6S және iPhone 6S Plus смартфондарының Rose Gold моделі алдын ала тапсырыс беру басталғаннан кейін бірнеше сағаттың ішінде таусылып қалғаны хабарланған болатын. Жаңа смартфондардың "қызғылт моделі" Apple техникаларын сүйетіндер үшін аса танымал болған және алдын ала тапсырыс беруде бірінші партиясын сатып алуға бірнеше сағат қажет болыпты.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай