Интернетте жаңа iPhone смартфонының суреті пайда болды

25 Қаңтар 2016, 14:47
0
Интернетте жаңа iPhone смартфонының суреті пайда болды - © OneMoreThing.nl
© OneMoreThing.nl

Интернетте жаңа iPhone смартфонының суреті пайда болды, - деп хабарлайды Vesti.ru.

Дереккөздің мәліметінше, iPhone 5s телефонының жетілдірілген нұсқасы наурыз айында ресми таныстырылады. Жаңа телефон iPhone 5 гаджетінің қасында түсірілген. Дегенмен оның дизайны iPhone 6 смартфонына ұқсайды. Телефонды қосу батырмасы телефонның оң жағына орналастырылған, ал телефон дауысын реттейтін батырмалар аздап кішірейтілген. 

Айта кетейік, жаңа гаджеттің экраны iPhone 5s телефоны экранының көлемімен шамалас, ал процессор мен камерасы iPhone 6 смартфонынына ұқсайды. Бұл құрылғы нарықта iPhone 5s бағасымен сатылады.

 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай