IPhone 6 Қазақстан нарығына 20 қыркүйекте енеді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Apple компаниясының Қазақстандағы жарнама жөніндегі менеджері Артем Казенин хабарлады.
IPhone 6 Қазақстан нарығына 20 қыркүйекте енеді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Apple компаниясының Қазақстандағы жарнама жөніндегі менеджері Артем Казенин хабарлады.
"iPhone 6 тауар белгісінің Қазақстандағы сатылым бағасы 274 мың 500 теңгеден басталып, 360 мың 510 теңгеге дейін барады. Сондай-ақ iPhone 6 Plus бағамы Қазақстанда 301 мың 950 теңге және 402 мың 600 теңге аралығында болады. Phone 6 - 20 қыркүйектен бастап сатылымға шыға бастайды. Қазірдің өзінде арнайы тапсырыс берушілер бар. Бірақ тапсырыс берушілердің нақты саны қанша екенін әзірге айта алмаймын" - деді А.Казенин.
Айта кету керек, Apple компаниясы 4,7 және 5,5 дюймді дисплейге ие, 13 мегапиксельді камерасы, екі ядролы А8 процессоры бар iPhone 6 және iPhone 6 Plus нұсқаларын 9 қыркүйек күні жұртшылыққа таныстырған болатын.
iPhone 6 және iPhone 6 Plus сынбайтын шынымен жабдықталған. Құрылғы күміс, сұр және алтын жалатылған үш түрлі түстен тұрады.
Жағымды жаңалық ретінде құрылғылардың автономды жұмыс істеу уақытының артуын айтып өтуге болады. iPhone 6-да видео көру режимінде, сәйкесінше 11 және 14 сағат пайдалануға болады. Бұл ретте құрылғы wi-fi пайдалануда 11 және 14 сағат, 3G-де – 11 және 12 сағат мөлшерінде автономды түрде жұмыс істейді. Ал іPhone 6 Plus құрылғысында мұндай автономды жұмыс істеу уақыты 16 тәулікте 14 сағаттан 24 сағат мөлшерін құрайды. Айта кету керек, бұған дейін таныстыру барысында бұл құрылғылардың нақты бағасы айтылмаған болатын.