iPhone 8-дің басты жаңалығы ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

iPhone 8-дің басты жаңалығы ашылды

Тәуелсіз құрастырушы Стив Троуто-Смит HomePod колонкасының қаптамасынан Home виртуал батырмасының жұмыс принципінің сипаттамасын анықтады. Бұл туралы ол Twitter желісінде жазды, - деп хабарлайды Lenta.ru.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тәуелсіз құрастырушы Стив Троуто-Смит HomePod колонкасының қаптамасынан Home виртуал батырмасының жұмыс принципінің сипаттамасын анықтады. Бұл туралы ол Twitter желісінде жазды, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Айтуынша, батырма іске қосылған қосымшаға байланысты көлемін өзгерте алады, ал роликтерді қарау кезінде экраннан жоғалатын болады. Оның оң және сол жақтарында функционал батырмалар орналасады.

Троутон Смит қолданушы мен құрастырушылардың виртуал батырманың түсін өзгерте алмайтыны жайлы да айтты. 

Еске салайық, iPhone 8 смартфонында Home виртуал батырмасының пайда болатыны жайлы бірінші болып биыл KGI Securities компаниясының сарапшысы Мин-Чи Го мәлімдеген еді. Сол кезде ол дисплейдің екіге бөлінетінін, біреуінде Home батырмасы мен басқа да клавиштер орналасатынын айтқан. Алайда бұл мәлімет енді ғана расталып отыр. 

iPhone 8 Apple компаниясының жыл сайынғы презентациясында 2017 жылдың күзінде таныстырылады. Қауесеттерге сенсек, дисплейде жақтаулары болмайды, жоғары жағында сөйлесуге арналған екі динамик, датчик және камера болады. Құрылғының саусақ іздері сканері алып тасталады, оның орнына адам бетінің сканері қойылатыны айтылады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети