24 тамыз 2015 09:21

iPhone смартфонын енді бір апта бойы қуаттамай жүруге болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© therakyatpost.com © therakyatpost.com

Intelligent Energy ағылшын компаниясы iPhone смартфонына арналған жаңа түрлі батареяның жасалғанын хабарлады. Бұл құрылғы арқылы Apple өнімін бір апта бойы қуаттамай жүруге болады. Бұл туралы The Telegraph жазады.

Мұндай батареяда электр энергиясы сутегі мен оттегінің бірігуі арқылы шығады. Ол патенттелген технология арқылы жасалған. Батареяның iPhone 6 құрылғысында қолданылатыны және құрылымдық өзгерістердің қажеті болмайтыны айтылады. Жалғыз қажетті түзетуі - артқы панеліндегі вентиляциялық тесігінде болмақ, ол арқылы аз мөлшерде ылғал бөлінеді. 

Сонымен қатар, iPhone-ды қуаттағыш құралдың өзгеретіні айтылады. Intelligent Energy компаниясының бас директоры Генри Винанд компанияның бұл құрылғысын "алға басқан зор қадам" деп атады. Оның айтуынша, мұндай жаңалық смартфондар саласында болмаған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети