iPhone X смартфонының "таза" бағасы қанша?

ПОДЕЛИТЬСЯ

iPhone X смартфонының "таза" бағасы қанша? © MacStories

TechInsights сараптамалық агенттігінің мамандары iPhone X бөлшектерінің қанша тұратынын есептеп, алмалы гаджеттің негізгі бағасы қанша болуы керектігін жариялады, - деп хабарлайды MacRumors.

ПОДЕЛИТЬСЯ

TechInsights сараптамалық агенттігінің мамандары iPhone X бөлшектерінің қанша тұратынын есептеп, алмалы гаджеттің негізгі бағасы қанша болуы керектігін жариялады, - деп хабарлайды MacRumors.

Мамандардың бағасы бойынша, жаңа Apple өнімінің ішкі бөлшектері - 247 доллар, болаттан жасалған сыртқы корпусы - 36 доллар, дисплей - 65 доллар. Қорытындылай келе, мамандардың нұсқасы бойынша, iPhone X смартфонының негізгі бағасы 357 доллардан (117 мың теңге) аспауы тиіс. 

iPhone X 3 қарашада әлемдік сатылымға шықты. АҚШ-та базалық модель 999 долларға сатылып жатыр. Ресейде жаңа телефонның жады 64 ГБ болатын смартфон бағасы 79 мың рубльден (1 350 доллар) басталады. 

Басылым инженерлерінің мәліметінше, оныншы iPhone смартфонының ішкі құрылысына кеткен бөлшектер Apple Watch гаджетінен де аз.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети