iPhone XI смартфонының дизайны көрсетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

iPhone XI смартфонының дизайны көрсетілді © РИА Новости

Желіде iPhone смартфонының жаңа моделінің суреті жарияланды, - деп жазады Lenta.ru. Кейбір дереккөздерге сүйенсек, жаңа модель iPhone XI деп аталады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде iPhone смартфонының жаңа моделінің суреті жарияланды, - деп жазады Lenta.ru. Кейбір дереккөздерге сүйенсек, жаңа модель iPhone XI деп аталады. 

Жарияланған суретте смартфонның пішіні iPhone X пен Xs-ке ұқсас болатыны байқалады. Басты ерекшелігі - онда үш модуль болады. Басылымның мәліметінше, жаңа гаджеттің камерасы Huawei P30 бен Samsung Galaxy S1 смартфондарының камерасына ұқсас болып келеді.


© Slashleaks.com

Сондай-ақ, iPhone XI моделінде жаңа функция пайда болатыны айтылады. Осылайша, смартфон Qi көмегімен басқа да аксессуарларды қуаттай алады. Сарапшылардың болжамына қарағанда, Apple өкілдері жаңа модельге iPad Pro-дағыдай USB-C жалғағышын орнатады.

Жаңа смартфон 2019 жылдың күзінде таныстырылады.

Мұның алдында иілетін iPhone смартфондарының сызбалары пайда болған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course up  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети