05 қыркүйек 2018 10:07

Жаңа iPhone смартфондарының дизайны видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Осыдан бірнеше күн бұрын 9to5Mac басылымы алтын түсті iPhone XS смартфонының экслюзив фотосын жариялаған болатын. Осыдан кейін дизайнер смартфонның барлық жағы түсірілген видеоролик дайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Дизайнердің айтуынша, iPhone XS осының алдында шыққан смартфоннан мүлде ерекшелігі жоқ. Басты аййырмашылығы - корпустың алтын түсті болуы.

"Роликтің сапалы түсірілгенін айтып кету керек. Алайда мұның тек смартфонның концепті екенін түсіну керек. Шын мәнінде ол кішкене өзгеше болуы мүмкін. Дегенмен бұл ролик сіздерге жаңа құрылғы жайлы жалпы түсінік береді", - деп жазған Appleinsider басылымы.

Еске сала кетейік, 12 қыркүйекте Apple өкілдері жаңа үш модельді таныстырады: iPhone XS, iPhone XS (Plus) және IPS-экраны бар iPhone. Премиум модельдердің бағасы 899-1099 доллар шамасында болады деп болжанып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети