05 қыркүйек 2017 18:16

Жапониялық компания адам даусына елеңдейтін тоңазытқыш жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© popmech.ru © popmech.ru

Жапониялық өндірушілер адамның даусы шыққанда өздігінше қозғалатын тоңазытқышты таныстырды, - деп хабарлайды "Искатель".


Жапониялық өндірушілер адамның даусы шыққанда өздігінше қозғалатын тоңазытқышты таныстырды, - деп хабарлайды "Искатель".

Тоңазытқыш дауыс арқылы берілген бұйрық бойынша қозғалысқа түседі. Ол иесін үйдің ішінен тауып алып, ерекше мәзір ұсына алады. 

Компания өкілдерінің сөзінше, жеке адамға "бауыр басатын" роботтың жасанды интеллекті бар. Бұл оған иесінің әдеттері мен үйдің топографиясын жаттап алуға мүмкіндік береді. Робот сенсор арқылы үй ішінде қозғалып, ешкімге бөгет жасамайтын көрінеді. 

Компания өкілдерінің айтуынша, робот бірнеше уақыт қателесіп жүруі мүмкін. Алайда ол біраз уақыт өте иесінің шақырған даусы қай бөлмеден шыққанын өз бетінше анықтайды және оған бара жатқан жолда ештеңені бүлдірмейді. Дегенмен қонақ шақыру және жиһаздың орнын ауыстыру сияқты өзгерістер уақытында мәліметтер базасына жүктелу керек. 

Болашақта өндірушілер тоңазытқыштың жоғарғы жағына құс еті сияқты жеңіл-желпі тағамдарды жылытуға арналған құрылғы орнатпақ. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети